Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-06-03:

Мүмкіндіктерді мүлт жібермейік 

Абай БАЙГЕНЖИН, “Нұр Отан” ХДП Астана қаласындағы Алматы аудандық филиалының төрағасы, Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың директоры.

Мен “Нұр Отан” ХДП-ның бұдан бұрын да бірнеше съезіне қатыстым, соның ішінде осы ХІІ съезд маған айрықша әсер етті. Өйткені, бұл съезд әлемдік эко­но­микалық дағдарыс кезінде болды және сол уақытта оның соңын то­сып, салғырт қарап отырмай, оған бейімделе отырып, ұтымды ша­ра­лар істеуге болатындығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрсетіп берді. Мемлекет басшысы бағдар­ларының, сілтеген жолдарының бәрі де қазақстандықтардың ойы­нан шықты ғой деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін біз индус­трия­лық-инновациялық деген сөзді жиі естісек те, оған жеткілікті дә­ре­жеде мән бермей келдік. Біздің экономикамыздың кеңестік кезең­нен қалыптасқан бірыңғай шикі­затқа тәуелділігі қазіргі әлемдік да­мудың алдында осалдық таныт­қа­нын Елбасы ашық айтып, оны қатты сынады. Әрине, шикізат сатып та күн көруге болар еді, бір­ақ ондай экономиканың болаша­ғы бұлыңғыр, іргетасы берік бол­майтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сондықтан да Президент 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап индустриялық-инновациялық же­дел даму бесжылдығы басталаты­нын жариялады. Осы қатарда ол мемлекеттің жоспарлау мен ынта­ландыру істеріне белсене қатыса­тынын айтты. Батыстық мемле­кет­тердің де ел экономикасына ара­ласуы артып, ондаған банк­тер­ді қайтадан мемлекет меншігіне алып жатқанын көріп отырмыз.

Жедел даму бойынша Елбасы Үкіметтің негізінен жеті бағдарға күш салатынын жеткізді. Соның біріншісі, ауылшаруашылық өнім­дерін өңдеп, дайын өнімдерді ха­лыққа ұсыну. Біз өзімізді өзіміз то­лығымен ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге мүм­кіншілігіміз бола тұра, әлі күн­ге оның көптеген түрлерін сырт­тан тасимыз. Ал өзімізде шыққан өнімдер экологиялық жағынан таза, қуаттылығы артық және сіңімділігі зор болар еді. Сон­дықтан да Елбасының осы іске қатты назар аударғаны және осы азық-түлік қауіпсіздігіне өте үлкен көлемде қаржы бөлінетіні мені қатты қуантты. Сайып кел­генде, бұл – Қазақстан азамат­та­ры денсаулығының кепілі. Екін­шіден, құрылыс индустриясының қарқынын жоғарылатып, жаңа материалдар шығаратын бірнеше зауыттың іске қосылатыны айтыл­ды. Бұл да бүгінгі күннің ең үлкен қажеттіліктерінің бірі. Ал үшінші кезекте айтылған мұнай өңдеуді дамыту ауыл шаруашылығы ғана емес, барлық қазақстандықтарды көптен толғандырып жүрген мә­се­ленің бірі еді. Өзімізде шығатын мұнайдан алынатын өнімнің кейде күрт қымбаттап кетуі халықты қат­ты толғандыратын. Бұл мұнай өңдеу саласына Үкімет ықпалы­ның аздығынан болатын құбылыс еді, енді соны да еңсеретін күн келді.

Өзіміз қызмет ететін салаға бай­ланысты сөз қозғайтын бол­сам, Елбасының химия, фарма­цевтика өнеркәсібін дамыту бұдан былай мықтап қолға алынатынын айтқаны бізді қатты қуантты. Мем­лекет басшысы Үкіметтің алдына 2014 жылға дейін дәрілік препараттардың 50 пайызы өзі­мізде шығуы керектігі жөнінде нақты тапсырма қойды. Ал қазір көптеген шетелдік дәрі-дәрмектер бізге контрабандалық жолдармен жеткізіледі, олардың сапасы мен жарамдылығына ешкім жауап бермейді, оның үстіне бағасы да қымбат. Енді сол препараттар өзімізде шығатын болса, оның сапасына бақылау болып, бағасы да арзандар еді. Осының бәрі, сай­ып келгенде, адам денсаулы­ғын сақтауға деген үлкен қам­қорлық.

Біздің елде сапалы дәрі-дә­р­мек­­тер жасауға мол мүмкін­ші­лік­тер бар. Фармацевтика саласында да, онымен қанаттас медицина саласында да біздің әлеуетіміз жо­ғары. Осы тұрғыдан өзіміз қызмет ететін “Ұлттық ғылыми-медици­налық орталық” туралы айта кет­сем, осы уақытқа дейін біз елі­міз­дің барлық аймағынан келген 60 мыңға жуық науқасқа жоғары білікті медициналық көмектер жасадық, жылына 11-12 мың адам бізде емделуден өтеді. Соның ішінде бірегей ме­ди­циналық техно­ло­­гия­ларды қолдана оты­рып, диагноз қою мен емдеудің аса күр­делі әдістерін талап ететін меди­циналық көмек­терді жасап жүр­гені­мізді ауыз тол­тырып айта аламыз. Біздің ға­лымдарымыз Елбасы Н.Назарбаев­тың қолдауы­мен діңгекті жасу­шалардың қа­сиеттерін зерттеген сегізжылдық іргелі еңбектерін жемісті аяқтады. Науқастарды аса тиімді жолмен емдейтін осынау әдістермен біз бауырдың, бүй­ректің, қалқанша бездің, шор­буынның, жүйке ауру­ларының ауыр түрлерімен дерт­тенген 3 мыңға жуық науқасты емдеп шығардық. Сөйтіп, ондаған жыл­дар бойы осындай сырқат­тар­мен төсекке таңылған жандар қай­тадан қатарға қосылды. Жылына барлы­ғы 3,5 мыңға жуық опера­ция жасалады. Қазір бізге шет­елдерден ке­ліп, ем алып жатқан науқас­тар қатары кө­бейіп келеді. Біздің ор­талықта жаңа тех­но­ло­гияларды мең­ге­ру және оларды ем­деу­ге қолдану жұмыс­тары жақ­сы жолға қойыл­ған. Соның ішін­де біз тиімділігі жоғары жаңа әдіспен емдейтін балалардың кардио-хирургиялық бөлімшесін ашып, күні бүгінге дейін 1200-ге жуық баланы операция жасау жолымен емдеп шығардық. Біздің маман­дарымыз Ұлттық орталықта ғана емес, республикамыздың облыс орталықтарына да барып, жүрекке күрделі операциялар жасайды немесе әдістемелік кеңестер бере­ді. Жуырда ғана біздің мамандар Павлодар және Солтүстік Қазақ­стан облыстарына барып қайтты.

Мен, “Нұр Отан” ХДП-ның ХІІ съезінде сөйлеуге тиісті едім, бірақ уақыттың тығыздығынан бізге сөз тимей қалды. Онда мен республикадағы денсаулық сақтау ісінің тиімділігін және оның бәсе­келестігін арттыру жолында ұсы­ныстар жасамақ едім. Біріншіден, саланың проблемаларын шешуде мемлекет қана емес, ҮЕҰ-ларды да кеңірек тарту керек. Әзірге, Қазақстандағы ВИЧ/СПИД-ке қарсы жасалатын шараларда ғана олар негізгі жұмысты атқаруда. Осы салада 78 ҮЕҰ қызмет етеді. Екіншіден, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруға жалғыз мемлекет емес, жұмыс беруші және жұмыс­кердің өзі де атсалысуы керек. Өйткені, адамның денсаулығының сақ­талғаны барлық жаққа да тиімді, сондықтан жұмыс беруші мен жұмыскер арнаулы денсаулық сақтау қорына өздерінің жарнасын аударып тұрса, олардың денсау­лық сақтау жолындағы жауапкер­шілігі де артар еді. Мемлекет қан­ша жерден бай болса да саланың барлық ауыртпалығын бір өзі көтере алмайды.

Біздің ұжымымызда “Нұр Отан” ХДП-ның 600-дей мүшесі бар. Олардың бәрі де партияның қатарына өз еркімен, өз жүрегінің қалауымен келгендер. Екі жылдан бері маған партияның Алматы аудандық филиалына төрағалық ету міндеті жүктелді. Қазір ауда­нымызда 10,5 мың партия мүшесі бар. Олар жүздеген бастауыш ұйым­дарға біріктірілген. Партия мүшелері тұрғындардың тұрмыс­тық проблемаларын шешуге, оған жергілікті өкімет пен қызмет­тер­дің назарын аударуға атсалысады. Тұрғындар бұған дән риза. Мен қалалық мәслихаттың депутаты ретінде бұл мәселелердің оң ше­шілуіне атсалысып тұрамын.

 

Стратегиядан  бастау алған құжат

 

Қуаныш ТЕКТІҒҰЛ, Ақтөбе облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы.

Зымырап өтіп жатқан уақыт-ай! Күнде­лікті қауырт істермен жүргенде еліміздің болашақ даму перспективаларын белгілеген “Қазақстан-2030” Стратегиясы­ның қа­был­дан­ғанына 10 жыл өте шыққанын да бай­қа­маппыз. Ке­зінде ол жөнінде қаншама кереғар әңгіме болды десеңізші. Өмір ағысы бұл стратегияның дұрыс екен­ді­гін дәлелдеп шыққанын бүгінде бүкіл жұртшылық мойындап отыр. Осынау уақыт ішінде еліміздегі жағдай көптеген оңды өзгерістерге ұшырады. Бүгінде ол кез бен бұл кезді салыстыру мүмкін емес. Халық­тың жағдайы жақсарып, зей­нетақы мен жал­ақы көлемі арт­ты, әлеуметтік мәселе­лер­ге жан-жақты назар аударылып, тұрмы­сы төмен адамдарға қамқорлықтар жа­са­лу­да. Осының бәрі – елі­міз­дің даму страте­гия­сында көрсетіл­ген негізгі бағыттардың іске асы­рыла бастағанының айқын айғағы.

Көңіл қойып қарасақ, Елба­сы­ның жыл сайын халыққа арнап келе жатқан Жол­дау­ларының бас­тау бұлағы да осы құжат екен­дігі күмәнсіз. Яғни, оның бір-бір тарауы іспетті. Оларда әр жылдың ерекшеліктері ес­керіліп, нақты міндеттер қойылады. Содан соң бүкіл күш-жігер, экономикалық әлеует айтылған тапсырмаларды жү­зеге асыруға бағытталады. Осы­ның арқасында Қазақ елі әлемдік көштен қалмай, оның бел орта­сында келеді.

Ал, Мемлекет басшысының биылғы Жол­дауының бұрынғы­лар­дан өзгеше болғандығын әрбір адам аңғарды ғой деп ойлаймыз. Ең алдымен, оның сипатының бағыт-бағдарын “Дағдарыс арқы­лы жаңару мен дамуға” деген та­қы­рыбы-ақ әйгілеп тұрған сияқты.

Философиядан білетініміздей, қоғамның дамуы шарықтаулар мен шегіністерден, жетістіктер мен жеңілістерден, жалпақ тіл­мен айтқанда, бар мен жоқтан құра­латыны белгілі. Яғни, бүкіл тір­шілік біткен өзі жа­ра­тылғаннан бері тепе-теңдік қағидатымен өсіп-өркендеп келеді. Олай болса, әрбір дағдарыстың соңында қайта түлеу, жетісу деген ұғымдар тұр. Қазақтың “дүние – ке­зек” деген классикалық нақыл сөзінің сыры да осында жатса керек. Сондық­тан, бұл қиындықтың да артта қалатыны анық.

Қысқасы, бүгінгі дүниені жай­лаған дағ­да­рыс әлемнің дамуын­дағы осал тұстар мен әлсіз жер­лер­ді жалаңаштап берді. Мұның өзі жер бетінде өмір кешіп жатқан барлық мемлекеттерге де оңай соққан жоқ. Елба­сымыз биылғы Жолдауында дағдарыстың біздің елімізге де тигізген әсерін әсіреле­мей, ашық та анық айтып, одан бірлігіміз ны­ғай­ып, ынтымағымыз бекіп өтетінімізге нық сенім біл­дірді.

Сенім білдіріп қана қойған жоқ, басқа түскен уақытша қиын­дықты қалай еңсеру­дің бағытта­рын белгілеп берді. Бұл маңызды құжатта, ең алдымен, қолда барды барынша үнемдеп, босаған қара­жат­ты қазақстан­дық­тардың еңбек­пен қамтылу стратегиясын іске асы­руға жұмсау қажеттігі атап көр­сетілген. Ал, жұмыс орын­да­рын ашу үшін Елбасы төменде­гідей бағыттарда күш-жігер жұм­сау қажеттігін қадап айтты.

Олар, біріншіден, коммунал­дық желі­лер­ді қайта жарақтандыру мен жаңғырту, яғни сумен, жылу­мен тұрақты қамтамасыз етудің шараларын алу. Екіншіден, жергі­лікті жерлердегі жолдарды ретке келтіру, қайта салу, жөндеу, мек­тептер мен ауруханаларды жаң­ғырту. Сонымен бірге, жергілікті би­лік­тің шешімі бойынша жол­дар­ды, клубтарды, басқа да ны­сан­дарды абаттандыру мен көгал­дандыру. Тағы бір міндет – әлеу­меттік жұмыс орындарын көбейту және жастар практикасын ұйым­дастыру.

Осы жоғарыда аталған жоба­ларды жүзе­ге асыру үшін жергі­лікті мүмкіндіктер мен жұмыс күші пайдаланылатын болады. Бас­қаша айтқанда, еңбек рыно­гында қосымша орындар ашы­лады. Қазіргідей жұмыссыз­дық қаупі төніп тұрған уақытта, бұл – на­ғыз керек шаруа. Бұл міндет толық мәнінде шешілген жағдайда жұмыс іздеген жұрт қалаға емес, далаға, даладағы ауылға бағыт ұстайтыны сөзсіз.

Зер сала қарасақ, Жолдауда аталған жай­лардың негізінен ауыл тірлігіне қатысты екенін көреміз. Бұл дегеніңіз – қашаннан ұлты­мыз­дың бесігі саналған, әрбір қа­зақ сол арқылы Жер-Анадан бой­ына нәр алған қасиетті ауылымыз бойын жазып тіктенеді деген сөз!

Ел Президентінің тағы бір қадап айт­қа­ны – алынған шара­лар­дың орындалуын қадағалау мәселесі. Бұл туралы Жолдауда мынадай жолдар бар: “Үкіметпен және жер­гілікті органдармен бір­лесіп, адамдардың нақты пробле­маларын шешу, дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуын, осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттың жұмсалуын айрықша бақылауға алу қажет”. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өріс­теп отырған қазіргі кезеңде бұл сөздердің ма­ңызының барынша арта түсетіндігі даусыз.

 Бүгінде біздің еліміз дамудың жаңа бір сатысын басынан өт­керуде. Әрине, бұл жолда қиын­шы­лықтар мен кедергілер де кез­деспек. Қазіргі жағдай – соның бір дәлелі.

Сөз жоқ, Қазақстан ата-баба­ларымыз сан ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткіз­ген­нен бергі қысқа тарихи мерзім ішін­де орасан зор табыстарға жет­ті. Ең бастысы, көп ұлтты елімізде тұрақтылық орнап, экономикалық реформалар өз жемісін берді. Бүгін­де халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс­тық жағдайын жақсарту бағытында ауқымды істер атқа­рылуда.

Республикамыздың өркен­деуі­не, халық­тың тұрмыс жағдайының жақсаруына біздің облысымыз да өзінің сүбелі үлесін қосып келеді. Мәселен, облыста нақты сектор мен әлеуметтік салада оңды үрдіс­тер сақталды, экономиканың жал­пы жағдайын сипат­тайтын негізгі индикаторлардың өсуі байқалды.

Макроэкономикалық көрсет­кіш­тердің оңды ырғағы халықтың тұрмыс сапасының төмендемеуіне игі ықпал етті. Оны әлемдік дағ­дарыс ызғары сезіле тұрғанымен ақтөбеліктердің тұрмыс деңгейінің түсе қоймағандығынан, олардың тыныс-тіршілігінен байқауға болады.

Жалпы, облыс бойынша нан, ұн, ет, жұмыртқа сияқты страте­гиялық маңызды тағамдардың бағасы республикаға қарағанда төмен дәрежеде. Жанар-жағармай бағасы тұрақтанды. Халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, зейнеткерлер мен бір­қатар адамдар үшін қоғамдық кө­лікте жүру құны жергілікті бюджет есебінен төленіп тұр. Осы­лардың өзі-ақ облыстағы ахуалдың тұрақтылығын айқын аңғартады.

Әрине, Елбасы айтқандай, бү­гінгі басты мақсат – дағдарыс шыр­мауынан шығынсыз өту. Ол үшін “Бір жағадан – бас, бір жең­нен – қол” шығарып, қиындық­тар­ға бірле­се қарсы тұру қажет екендігі айтпаса да тү­сінікті. Олай болса, қазіргідей қиын-қыстау ке­зеңде ағайын арасындағы болым­сыз дау-дамайды жинап қойып, ел ертеңі үшін ынтымақтаса әрекет жасайық дегіміз келеді.

 

Ата кәсіптің қадірі артады

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың биылғы Жолдауында: “Агро­өнеркәсіптік кешен туралы ай­рықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде елі­міз үшін аса маңызды екі мін­детті – азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз”, деп сала қызметкерлерінің алдына жауапты міндеттер жүктегені бел­гілі. Осы бағытта облыста кешенді шаралар жүзеге асырылып, мал шаруашылығын жеделдете дамы­ту­дың жолдары қарастырылып келеді.

К.Мыңбаев атындағы қой ша­руашылы­ғы ғылыми-зерттеу инс­титуты тікелей осы мәселемен айна­лысып, Жетісу аймағында асыл тұқымды мал басын көбейту бағытын­дағы ғылыми жұмыстарды өрістетумен қатар, өндірістік кооператив пен шаруа қожа­лық­тары арасындағы жұмысты жан­дандырып, нақты байланыс орна­тып отыр.

Жақында ғалымдар “Қой ша­руа­шылығын дамыту, қой тұқым­дарын асылдандыру және биязы жүн өндірісін арттыру туралы” семинар-кеңес өткізіп, оған облыс­тағы сала мамандары мен шаруа қожалығының жетекшілері қатыстырылды.

Қой шаруашылығы – жетекші сала, әрі халқымыздың ата кәсібі. Саланың өркендеп, дамуына өңір­дің табиғи жағдайы, жайылым мөлшері молдығымен қолайлы. Бүгінде облыста қойдың көп та­ра­ған, әрі бағалы биязы жүн бағы­тындағы арқар, меринос, солтүстік қазақ мериносы, Австралия мери­носы, қазақтың етті-жүнді “Де­герес”, “Гемп­­шир”, етті-майлы “Еділбай”, “Сарыарқа”, тағы басқа тұқымдары өсірілуде. Оның үстіне еліміздегі қойдың 17,6 пайызы өңірде шоғырланғанын атап айтуға болады.

Асыл тұқымды қой шаруа­шы­лығын қолдауға республикалық бюджеттен 63 млн. 537 мың теңге қаржы бөлініп, сатылған өнімдік бағыттағы асыл тұқымды қойдың әрбір килограмына 125 теңгеден субсидия төлеу қарастырылғаны да аталған кәсіпке деген оң көзқарас екенін байқауға болады.

Жетісу аймағында асыл тұ­қым­ды мал басының өсуімен қа­тар, асыл тұқымды мал шаруашы­лық­тарының саны да артуда. Өткен жылы Ақсу ауданындағы “Ни­колай”, Қараталдағы “Нұр­жан”, Панфиловтағы “А. Дәулет­беков” шаруа қожалықтары қазақ­тың биязы жүнді қой тұқымын, Балқаш ауданындағы “Ынтықбай” шаруа қожалығы Дегерестің бия­зылау жүнді, “Бекбауыр” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі Еділ­бай қойының тұқымын өсі­ретін асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алып, осылайша облыс­тағы асыл тұқымды қой ша­руашылығының саны 33-ке жеткен.

Кеңесте жарыссөзге шыққан­дар­дың дені қой шаруашылығы төңірегінде өзекті мәселелер қоз­ғап, ой-пікірлерімен бөлісті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкі­мі­нің орынбасары Ты­нышбай Досым­беков, Қой шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу институ­ты­ның бас ғылыми қызметкері, қойларды селекциялау және асыл­дандыру жөніндегі жетекші ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қилыбай Медеубеков, Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Серік Ос­па­нов, т.б. ұтымды ойларын ортаға салды.

Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

 

Дөңгелек үстел мәжілісі

 

Қазақстан Республикасы Ұлт­тық акаде­миялық кітапханасы ғи­ма­ратында “Нұр Отан” партия­сы­ның бағдарламалық нұсқама­сын іске асыру мақсатында “Мәдениет туралы” Заңға өзгерістер мен то­лықтырулар ен­гізу туралы” заң жобасын талқылау бойын­ша “Мәдениет пен өнерді қолдау – пар­тияның аса маңызды басым бағыттарының бірі” атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Аталған мәжіліске Парламент Мәжілі­сінің депутаттары Д.Нө­ке­таева, А.Смайыл, М.Ахмадиев және басқалар, Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Бөрі­баев, МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы А.Қырық­баев, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл­дық аумақтар істері жөніндегі комите­тінің төраға орынбасары М.Трошихин, Ұлттық академия­лық кітапхананың бас директоры Р.Отарбаев, Мәдени саясат және өнертану институтының дирек­то­ры Е.Саи­ров және мемлекеттік, жеке мәдениет ұйымдарының басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел мақсаты – мә­де­ниет саласының қазіргі жағдайы мен одан арғы дамуы жайлы пікір алмасу. Аталған шара аясында “Мәдениет туралы” Заңға өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын талқылауға ерекше назар аударылды. Сөз реті келгенде “Мәдениет туралы” Заң 2006 жылы қабылданғанын айта кетейік. Ал өзгертулердің негізгі мақсаты – мәдениет туралы ұлт­тық заңнаманы отандық ки­нематографияны, мұражай және кітапхана ісін қолдау мен дамыту, сондай-ақ мәдени құндылықтарды қалыптастыру және сақтау бөлігінде одан әрі жетілдіру.

Басқосуда басқа да мәселелер сөз болды.

“Егемен ақпарат”.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат