Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-06-17:

Жемқорлықты жабыла жүгендейік

 

Мерей БАЙЛИН, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасы,  “Нұр Отан” ХДП  мүшесі.

Сондықтан, жаһандық эконо­ми­калық және қаржы дағдарысы жағдайында біздің елімізде оның кері ықпалын бәсеңдету жөніндегі теңдесі жоқ шаралар қолға алыну­да. Осындай жағдайларда жем­қорлықпен күрес аса маңызды стратегиялық басымдық болып табылады және де ол табанды да қатаң жүргізілуге тиіс.

Елбасымыздың өңірлердегі сыбайлас жемқорлық көріністе­рі­не қарсы тұру туралы тапсырма­сын орындай отырып, респуб­ликалық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Тәр­тіптік кеңесімен облыстың мем­лекеттік қызметшілерінің ара­сында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүр­гізілуде.

Осы мақсаттарда “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының жанындағы сыбайлас жемқор­лық­пен күрес жөніндегі тәртіптік және қоғамдық кеңестердің бір­лескен отырысын және тәртіптік кеңестің көшпелі отырысын өткізу біздің тәжірибемізге енді.

Былтыр тәртіптік кеңестің 13 отырысының үшеуі партияның қоғамдық кеңесімен бірлесіп, ал төртеуі облыс аудандарында көш­пелі жиын да өткізілді. Ағымдағы жылы тәртіптік кеңестің үш оты­рысының бірі тағы да “Нұр Отан” партиясымен бірлесіп өткізілді.

Бірлескен іс-шаралар жоспа­рын және өткен жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы­мен жасалған меморандумды жүзеге асыра отырып, бізбен бір­қатар семинар-кеңестер, “дөңге­лек үстелдер” мен конкурстар, бірлескен тексерістер өткізілді.

Өткен жылы тәртіптік кеңестің ұсыныстары бойынша 211 мем­лекеттік қызметші мен соларға теңестірілген тұлғаларға, соның ішінде 74-іне немесе 35 пайызына сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзғандары үшін тәртіптік жаза қолданылды.

Ағымдағы жылдың үш айында тәртіптік кеңестің ұсынысымен 50 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды, оның ішінде Аққайың ауданындағы Власов ауылдық округінің әкімі В.П.Растегаев “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңның талаптарын бұз­ға­ны, яғни жеке тұлғалардың құ­қық­тарының және заңды мүдде­лерінің жүзеге асырылуына қа­сақа­на тосқауыл қойғаны үшін қызметінен босатылды.

Осы жылдың басынан тәртіп­тік кеңестің отырыстарында облыс­тың денсаулық сақтау жүйе­сіндегі сыбайлас жемқорлық құ­қық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жиі-жиі қарала бас­тады.

Сонымен, ағымдағы жылдың наурыз айында өткен тәртіптік кеңестің отырысында облыстың денсаулық сақтау жүйесінің 10 қыз­меткері тәртіптік жауаптылық­қа, оның ішінде тоғызы сы­байлас жемқорлық құқық бұзушы­лық жасағандықтары үшін жауап­тылыққа тартылды.

Біз шенеуніктерді жазалауға ғана тырыспаймыз, ең алдымен олардың арасында белсенді түрде сыбайлас жемқорлық құқық бұзу­шылықтардың алдын алу жұмы­сын жүргіземіз.

Осы мақсатта тәртіптік кеңес өз жұмысын Елбасымыздың та­лаптарына орай жариялы, барын­ша ашық жүргізіп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық құқық бұзушылық оқиғалары, оларды қандай бір лауазымды тұлғалар жасағанына қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етіліп келеді.

Атап айтқанда, өткен жылы республикалық, облыстық және өңірлік БАҚ-тарда тәртіптік кеңестің сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу және онымен күрес мәселелері туралы 1300 рет, соның ішінде баспасөзде 346 мақала жазылды, 680 телевизия және радио хабарлары берілді.

Мемлекеттік қызмет істері жө­ніндегі агенттіктің веб-сайтында 200-ге тарта материал жария­лан­ды.

Республикалық БАҚ-тарда, оның ішінде “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда”, “Юриди­чес­кая газета”, “Республика.kz”, “Время” газеттерінде, “Қазақпа­рат” агенттігінде және “Хабар”, “КТК” телевизиялық арналарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңесінің қызметі туралы 22 материал жарияланды.

Ағымдағы жылдың үш айында ғана 200-ге тарта материал, оның ішінде үшеуі республикалық басылымдарда жарияланды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқармамен 140-тан аса облыстық және өңірлік се­минар-кеңестер, конференциялар мен “дөңгелек үстелдер” өткізіліп, оған жеті мыңнан аса мемлекеттік қызметшілер қатысты, оның ішінде барлық деңгейдегі әкімдер де бар. Ағымдағы жылдың үш айы ішінде осындай 30 іс-шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша облыс­тың өңірлік оқыту орталығында оқыған тыңдаушылардың саны артып келеді.

Атап өткенде, басқарманың қызметкерлерімен өңірлік оқыту орталығында 127 дәріс оқылып, оларға 3,5 мың мемлекеттік қызметші қатысты.

2008 жылы басқармаға азамат­тардан, мемлекеттік қызметшілер мен заңды тұлғалардан 1254 өті­ніш келіп түсті. Мұның 535-і жаз­баша, 12-сі сенім телефоны арқы­лы берілді. Бұл өтініштер уақтылы қаралып, өтініш иелеріне нақты жауаптар қайтарылды.

Жеке қабылдауда 700-ден аса азамат болды, олардың 278-і өңіріміздегі көшпелі қабылдаулар кездерінде келді.

Партиялық бақылау комиссия­сының және “Нұр Отан” ХДП СҚФ жанындағы сыбайлас жем­қор­лықпен күрес жөніндегі қоғам­дық кеңестің мүшесі ретінде мен “Нұр Отан” ХДП облыстық және аудандық қоғамдық қабылдау­ла­рында азаматтарды қабылдауды тәжірибеме енгіздім. Ағымдағы жылдың үш айы ішінде қоғамдық қабылдауларда 200-ге жуық адамды қабылдадым.

Осы және басқа да қабыл­данған шаралардың арқасында облыстың және аудандардың мемлекеттік органдарының көп­ші­лі­гінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан қолданыстағы заңдар­ды бұзу оқиғалары бәсеңдеді.

Біздің жұмыс тәжірибеміз өт­кен жылы Ресей Федерациясының ғалым-әлеуметтанушылар тобы­мен зерттеліп, олармен тәртіптік кеңес қызметінің тиімділігі, әсіре­се сыбайлас жемқорлық құқық бұ­зушылықтардың алдын алу, жүр­гі­зіліп жатқан жұмыстың ашықты­ғы мен жариялығы атап өтілді.

Олар зерттелген тиімді жұмыс тәжірибесі Ресейдің мемлекеттік қызметінде қолдануға ұсынылу мүмкіндігі туралы пікір айтылды. Бұл жөнінде “Казахстанская прав­да” газетінде жарық көрген “Наш опыт интересен россиянам” аты мақалада айтылған болатын.

Сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алу және онымен күрес бой­ынша қабылданып жатқан іс-ша­ралардың тиімділігін одан әрі арттыру Мемлекеттік қызмет істе­рі жөніндегі агенттіктің тәртіптік кеңестері мен “Нұр Отан” ХДП, мемлекеттік, қоғамдық және құ­қық қорғау құрылымдарының ара­сында тығыз әрекеттестік болған жағдайда ғана мүмкін болады деп санаймын.

Петропавл.

 

Кеңестің қорытынды отырысы

 

Кеше “Нұр Отан” ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жа­нын­дағы Әлеуметтік кеңестің осы сессиядағы қорытынды отырысы бол­ды. Оны кеңес төрайымы Айткүл Самақова ашып, жүргізіп отырды.

Фракция жанындағы әлеу­мет­тік кеңес 2007 жылғы қазан ай­ын­да консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған. Ол әлеуметтік және гендерлік саясат мәселелері бойынша заң шығарушылықты қам­тамасыз ету, түрлі бастамашы­лық­тар жасау, оларды талқылауға қатысу, қолданыстағы заңнамалар мен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жетілдіру жөнін­де нақты ұсыныстар айту, т.б. айналысады. Кеңестің құрамына 14 депутат енгізілген.

Осы бір жыл көлемінде Әлеу­мет­тік кеңес 8 отырыс пен дөң­ге­лек үстелдер өткізді. Сондай-ақ оның мүшелері аймақтарда болған көшпелі отырыстарға қатысып, Елбасы Жолдауы мен “Нұр Отан” ХДП-ның ХІІ съезінде Елбасы міндеттеген әлеуметтік мәселе­лер­ді көтерді, деді өзінің сө­зінде кеңестің төрайымы Айткүл Самақова. Одан әрі төрайым іс­тел­ген жұмыстарды санамалап бер­ді.

Осы орайда Әлеуметтік кеңес­тің ұсынысы­мен елімізде онколо­гия­лық қыз­метті ұйымдастыру проблемалары қаралып, ондағы көтерілген мәсе­лелерді Үкімет қол­дап, 2009-2011 жылдарға ар­нал­ған бюджетте он­когематология туралы дербес бюд­жеттік бағдар­ла­ма қарастырылды. Сол бойын­ша химиялық препа­рат­тар мен диагностикалық құрал-жабдық­тар­ды сатып алуға бөлі­не­тін қаражат көлемі ұлғайтылды. Қант диабеті кеселіне шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсету жолдарын жақсарту мә­се­лесі бойынша Үкіметке қазіргі за­манғы өңірлік диабет орталық­та­рын құруды қарастырған мемле­кет­тік бағдарлама әзірлеу ұсынылды.

Үстіміздегі жылдың сәуір ай­ын­да Алматы қаласында кеңестің көшпелі отырысы болып, ол “Қа­зақ­стан Республикасы азаматтары­ның репродуктивті денсаулығы мен құқықтарын қорғау саласын­да­ғы ұлттық заңнама мен халық­ара­лық міндеттемелер” атты тақы­рыпта өтті. Оның жұмысына Ден­саулық сақтау министрі Жақсы­лық Досқалиев және Сенат де­путаттары қатысты. Отырыстың қо­рытындысы бойынша тұрғын­дар­дың репродуктивті ден­сау­лы­ғын жақсарту мен сақтау стра­те­гиясын әзірлеу, тұқым қуалаушы­лық және тума кеселдерді диаг­нос­тикалаудың жаңа әдістерін ен­гізу, т.б. бойынша Үкіметке ұсы­ныстар жолданды.

Төрайымның айтуына қара­ған­да, Әлеуметтік кеңестің айрықша назар аударып, белсенді тал­қы­ла­ған мәселесінің бірі — зейнеткер­лікпен қамтамасыз ету туралы заң­ға өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу болды. Ал халықты еңбекпен қамтудың өзекті мәселе­лері тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігіне жаңа жұмыс орын­дарын ашу кезінде жастарға квота беру, еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік сақ­тандыру және т.б. мәселелер бой­ын­ша нақты ұсы­ныстар жасалды. Ал Білім және ғылым министрлі­гіне әлемдік да­ғдарыстың салдары­нан жұмыстан босап қалған жандар үшін кәсіптік қайта даярлаудың қысқа мерзімді курстарын ашу мәселесін шешу ұсынылған.

“Қазақстан жағдайында мүге­дек­тердің құқықтарын қорғау бой­ын­ша халықаралық стандарттарды іске асыру” тақырыбында өткен дөң­гелек үстелде мүгедектердің құқын қорғау жөніндегі БҰҰ Конвенциясы мен Факультативтік хаттаманы ратификациялауды жеделдету туралы шешім қабыл­данды. Сондай-ақ есту қабілеті бойынша дімкәс жандар үшін Үкіметке сурдологиялық кабинет­тер торабын дамыту және осындай кеселі бар балаларға ақысыз медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін енгізу ұсынылды.

Сөзінің соңында А.Самақова Әлеуметтік кеңес өзінің ұсыныс­тарының орындалуын қатаң бақылауға алып, оның қоры­тын­дысы туралы БАҚ арқылы халық­ты құлағдар етіп отыратынын айтты. Осыдан әрі келер жар­ты­жылдықтың жоспары талқыланды.

Отырыс жұмысына “Нұр Отан” ХДП хатшысы Ерлан Қа­рин, фракция жетекшісінің орынбасары Рахмет Мұқашев және т.б. қатысты.

Жақсыбай САМРАТ.

 

Жұмыссыздықпен күрес жаңаша қарқын алуда

 

Жеңісбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы.

Еліміз­де халықты жұмыспен қамтудың басты стратегиясы ре­тін­де бел­гі­ленген “Жол картасы” бағдар­ла­масын жүзеге асыру өңірімізде барынша қарқын ала бастады. Әрине, осындай ауқымды шараны орындау үшін жан-жақты дайын­дықтар жасалды. Облыс әкімдігі нақты іс-шаралар жос­парын бекі­тіп, жұмысшы топтары құрылды, облыстың барлық аумақ­тарында тиісті дайындықтар іске асырыл­ды. Аудандар мен қалалар әкім­дері­нің, салалық бас­қармалар бас­шыларының атқарар жұмыстары облыс басшылығында пысық­тал­ды. Аудандар мен қала­ларға “Жол картасы” механизмін іске асыру мақсатында тиісті құжаттамалар ұсынылды, барлық дең­гейдегі әкім­дердің, кәсіп­орындар мен бизнес құрылым­дары басшылары­ның қатысуымен семинар-кеңес­тер өткізілді.

Тұтастай алғанда, жұмыссыз жүрген халықтың игілігіне бағыт ұстап, бүкіл республикада қолға алынған осынау шараның маңы­зын сол санаттағы азаматтарға жылдам жеткізу де жедел шешім қабылдауды талап етті. Сондықтан “Жол картасын” халыққа наси­хат­тау және жеткізу, жұмыссыздарды жұмыс іздеуші ретінде тіркеуге алуды ұйымдастыру үшін ауылдық округтерде, көпшілік орындарда, халыққа қызмет көрсету орталық­тарында, оқу орындарында, ірі кәсіпорындарда шұғыл тіркеу пункттері ұйымдастырылды. Олар тұрақты жұмысы жоқ азаматтарды табу, анықтау, аудандық бөлім­дер­ге жолдау шараларын жүргізді.

Облыстық “Оңтүстік Қазақ­стан” және “Южный Казахстан” газеттерінде “Жол картасын” іске асыру тетігі жөнінде көптеген мақалалар, сондай-ақ, инвести­ция­лық жобалардың тізбелері жарияланды.

Әрине, жергілікті жерлердегі барлық шараларды ұйымдастыру, негізінен, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүк­тел­ген. Олар, бірінші кезекте, жер­гілікті білім бөлімдерімен бір­лесіп, оқу орындарын бітірген түлек­тердің жұмысқа орналаса алмаған бөлігін, сондай-ақ әлеу­меттік жұмыстарға қатысатын ны­саналы топтағы азаматтарды база­лық мәліметке енгізуді ойдағыдай аяқтап шықты. Тиісті жұмыстарды ұйымдастыратын кәсіпорындар анықталып, олармен келісім-шарттар түзілді.

Облыстық топтың жүргізген мониторингіне сәйкес, биылғы жылы облыстың еңбек рыногында 152,7 мың адам жұмыспен қам­тылады деп күтілуде. Оның ішінде “Жол картасы” бағдарламасы бойынша 735 жоба негізінде 37657 жұмыс орындары құрылады, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қайта жаңарту мен жөндеуге арналған 317 жоба бойынша 16315 орын, автомобиль жолдарын жөндеуге, қайта жаңартуға және құрылы­сына арналған 155 жоба бойынша 8792 орын, мектептерді, аурухана­ларды және т.б. әлеуметтік ны­сандарды жөндеу мен жылыту жұмыстарына арналған 276 жоба бойынша 12205 орын, қалалардағы және ауылдық округтердегі әлеу­меттік-мәдени нысандардың жөнделуі мен қайта жаңартылуына арналған 4 жоба бойынша 345 орын іске қосылатын болады.

Осы жұмыстарға барлығы 25686,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 17251,3 млн. теңге, жергілікті бюджет­тер­ден 8434,9 млн. теңге қарасты­ры­лып отыр.

Осы айдың басында жоғарыда аталған 735 жобаның 214-інің жұ­мысы басталып, оларда 7449 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бүгінгі күні азаматтарды еңбек рыногына сай жаңа мамандық­тарға оқытып, үйретудің маңызы ерекше. Соған байланысты “Жол картасының” инвестициялық жобалары аясында 1824 жұ­мыс­сыз қысқа мерзімдік қайта даяр­лау курс­та­рында, не­гізінен, жұ­мысшы ма­ман­дық­тары­на оқы­ты­лады. Қа­зір жұмыс­сыз азамат­тардың ал­ғаш­қы 954-інің оқуы жүр­гізілуде. Олар облыс­тағы 18 кә­сіптік лицей мен 2 кол­ледждің ма­ман­дарынан 40-тан астам жұмысшы маман­дық­тары бойынша тәлім алуда. Қалған 870 жұмыссыз аза­мат үшін қайта даярлау курстары маусым айында басталады. Оқу процесі 3 айға арналған. Жұмыс­сызды қайта даярлау шарасы үшін жұмыс беру­ші, оқу орны, жұмыс іздеуші және аудандық (қалалық) уәкілетті ор­ган төрт жақты келісім-шарт тү­зеді. Ең бастысы, шарттар бой­ынша жаңа мамандық алған жұ­мыссызды жұмыс беруші жұмысқа орналастырады. Осы мақсатқа республикалық бюд­жеттен 133,1 млн. теңге қарас­тырылды.

“Жол картасының” шеңбе­рін­де облыста 12126 әлеуметтік жұ­мыс орны ашылатын болады, оған республикалық бюджеттен 1091,4 млн. теңге бөлінді. Әлеуметтік жұ­мыстың мерзімі 6 айға созылады. Оған қатысушылардың орташа айлық жалақысы 30 мың теңгені құрайды. Оның 50 пайызы мем­ле­кет тарапынан, қалғаны жұмыс беруші есебінен төленеді.

Оралмандарды, мүгедектерді, жалғызілікті және көпбалалы ата-аналарды, аз қамтамасыз етілген азаматтарды, әскерден келгендер­ді, түзеу мекемелерінен босаған­дар­ды, т.б. санаттардағы азамат­тар­ды біріктіретін нысаналы топ­тарға арналған алғашқы 3626 әлеу­меттік жұмыс орындары бүгінге дейін 387 кәсіпорында ашылды. Олардың арасында “Спецавто­транс­порт”, “Тазалық”, “Жасыл қала”, “Алекс”, т.б. танымал жауап­кершілігі шектеулі серік­тестіктер бар. Қалған әлеуметтік жұмыс орындары маусым-шілде айларында ашылатын болады.

“Жастар практикасы” арқылы 2008-2009 жылдары жоғары оқу орындарын, колледждер мен кә­сіп­тік лицейлерді бітірген, бірақ қазіргі кезде жұмыссыз жүрген 7216 жас жұмысқа тартылады. Мұнда да жұмыс мерзімі 6 ай, жал­ақысы ай сайын бюджет есе­бінен 15 мың теңге. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 649,5 млн. теңге қаралды.

Бүгінгі таңға “Жастар прак­ти­касы” бойынша 668 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, оларда еңбек дағдысын алуға жұмыссыз жүрген 1920 жас маман жіберілді. Қалған 5296 адамға шілде айында қайта оқуға жолдама беріледі. Әрине, жолданған жастардың зерек те ынталы белгілі бір бөлігі өздері барған кәсіпорындарда тұрақты жұмыста қалады деген сеніміміз де бар.

Жүргізілген сараптамаға сәй­кес 152,7 мың адамның 127,4 мыңына немесе 83 пайызына жұ­мыс­пен қамту шараларының бел­сенді түрлері көрсетіліп, қалған 25,3 мың адамға 710,3 млн. тең­генің әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Оның ішінде 9750 адамға 79,7 млн. теңге атаулы әлеу­меттік көмек, 8578 отбасына 251,7 млн. теңге тұрғын үй көмегі, 33071 балаға 378,9 млн. теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленеді.

Осы жерде айта кететін бір жәйт, “Жол картасынан” бөлек облыс бойынша 2009-2010 жыл­дарға арналған жұмыспен қамту іс-шаралары да қарқынды іске асырылуда. Биылғы жылы 13965 жаңа жұмыс орындарын ашу көз­делсе, 5 айда 7263 жұмыс орны ашылды. 16500 жұмыссыз азамат­ты тұрақты жұмыстарға орналас­ты­ру жоспарланып, әзірге 7202 адам орналастырылды. 4857 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жі­бері­ліп, 985 жұмыссызға кәсіби оқуға жолдама берілді, 261 адам әлеу­меттік жұмыстарға жұмыл­ды­рылды.

Аз қамтамасыз етілген отба­сы­ларға әлеуметтік қолдау көрсету де тиісті дәрежеде жүргізілуде. Бес айда 33 мыңнан астам азаматқа 147 млн. теңгеден астам атаулы әлеу­меттік көмек, мұқтаж отбасы­ларындағы173 мыңнан астам 18 жасқа дейінгі балаға 103 млн. тең­ге жәрдемақы, 15 мыңнан астам отбасына 325 млн. теңгеге жуық тұрғын үй көмегі төленді.

Бизнестің ішкі әлеуметтік жауапкершілігі аясында жыл ба­сынан бері кәсіпорындардың өкіл­дерімен жұмыскерлердің жалақы­сын азайтпау, қысқартуға жол бермеу, т.б. еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау жөнінде 408 меморандум түзіліп, олардың орындалуы қадағалануда.

Әлемдік экономикалық дағда­рыс­тың әсерлерін еңсеру, облыс экономикасын тұрақтандыру, аумақтарды дамытудың жаңа да тың жолдарын іздестіру мәселе­лері бойынша облыстың барлық аудандары мен қалаларын арнайы аралап, мәжілістер өткізген облыс әкімі Асқар Мырзахметов аумақ­тар­дың басшыларына “Жол кар­тасы” бағдарламасын толық орындап шығу жөнінде нақты тап­сырмалар беріп, міндеттерді айқындады.

Біз Елбасы Жолдауынан туын­дайтын міндеттердің іске ойдағы­дай асырылатындығына сенімдіміз және жұмыссыздықты төмендетуді басты парызымыз деп білеміз.

Шымкент.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат