Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-06-23:

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КЕНДІ АЛТАЙ

 

Елбасы Н.Назарбаев облыс орталығы Өскеменге келген сайын өндіріс орындарын аралап, жұмысшы­лар­мен пікір алмасады, олардың арыз-мұңдарына құлақ асады. Осы жолғы сапарында Елбасы “Шығыс Қазақстан жылыжай кешені” ЖШС мен “Казцинк” АҚ және “Прима-Зодиак” емдеу-сауықтыру кешенінде болды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылы­ғын өркендету,  азық-түлік бел­деулерін жасау және шеттен кө­к­өніс тасуды доғарып, өз өнімімізді молынан шығару жөнінде ай­тыл­ған. Шынында да, қазір  облыс жылына сырттан ондаған мың тонна көкөніс, ет, тіпті сүт өнім­дерін алады екен. Шетелдің сапа­сыз жеміс-көкөністерінен тұр­ғындар мезі болуға айналды. Аталмыш серіктестік  биыл өзінің алғашқы өнімдерін бере бастады. Елбасы жылыжайда болғанда серіктестік басшыларына қадау-қадау тапсырма берді.

– Ең әуелі сапа керек. Адам ағзасына пайдалы көкөніспен қамтамасыз ету қажет. Одан кейін көкөністің бағасы жұрттың қалтасы көтерерліктей болуы тиіс, – деді Елбасы  кездесу кезінде. Осында еңбек ететін Күлшария Смайылова Елбасымен әңгіме­лес­кенде, жылыжайдың қуатын одан әрі арттыруға тапсырма бергені үшін алғысын айтты. Көкөністің бір килосы 150 теңге, ал бұл ба­ғаны өсірмеу қажеттігі де назар­дан тыс қалған жоқ.

“Казцинк” АҚ-тың метал­лург­тері де Елбасына ерекше құрмет көрсетті. Оның өзіндік себебі бар. “Казцинк” қоғамы нарықтың өтпелі кезеңінде жабылудың сәл-ақ алдында тұрды. Міне, осындай сын сәтте Елбасы алып кәсіп­орынға инвестиция тартты. Со­ның нәтижесінде “Казцинктің” “екінші ғұмыры” басталды. Кәсіп­орын басшылары қаржы дағдарысы кезінде де небәрі екі жүздей адамды басқа мамандыққа баулып, жұмыс орындарын алмас­тырды. Қысқарғандар болған жоқ. “Казцинк” қазір екі бірдей зауыт  салып жатыр. Оған 700 миллион АҚШ доллары бөлінді. Қосымша 600 адам жұмысқа қабылданбақ.

Елбасының қарапайым адам­дарға деген қамқорлығын тағы да айқын аңғардық. Кездесуде сөз алған Жанар деген келіншек Ел­ба­сының жасап отырған қамқор­лығы үшін алғысын айтып, өзінің екі баланың анасы екенін, бала­лар бақшасының аз екенін айт­қанда, қасында тұрған “Казцинк” АҚ президенті Никола Поповичке тапсырма беріп, алдағы уақытта әлеуметтік ғимараттарға көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.

Шығыс Қазақстан – эконо­ми­касы дамыған өңір. Мұнда түс­ті металлургия, ауыл шаруашы­лы­ғы, басқа да салалар дамыған. Қар­жы дағдарысына қарамастан, жыл басынан бері мыңдаған жұ­мыс орны ашылды. Шығыс Қа­зақ­стан облысының әкімі Бер­ді­бек Сапарбаев форумда сөз алды.

– Өткен бес жылда аймақтық өнімдердің жалпы көлемі үш есе өсіп, өткен жылы ол 900 мил­лиард теңгеге жетті, – деді облыс әкімі. – Алдағы бес жылда бұл көрсеткіш тағы екі есе өседі деген ойдамыз. Бұл нәтижеге тау-кен металлургиялық кешенін одан әрі дамыту нәтижесінде қол жеткізуге болады. Соңғы бес жылда ғана қазба байлықтарына инвестиция тарту бес есе өсіп, ол 1 мил­лиард АҚШ долларынан асты.

Кенді Алтайда серпінді жо­ба­лар мақсатты түрде жүзеге асуда. Атап айтар болсақ, үш бірдей өн­діріс алыптары – “Каз­цинк”,“Өскемен титан-магний комбинаты”, “Үлбі металлургия зауыты” акционерлік қоғамдары серпінді жобалар бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде. “Каз­цинк” екі зауыттың құры­лысын аяқтаған кезде қосымша 70 мың тонна тазартылған мыс, титан-магний комбинаты мен Үлбі металлургия зауыты жоғары технологиялық тантал, титан құймасын өндірмек. Ал “Қазақ­мыс” корпорациясы жылына 600 миллион тонна кен өндіретін Ақ­тоғай кен-байыту комбинатының құрылысын салуда. Семей қа­ла­сында “Беларусь”  тракторы және “Дэу” автобустары құрастырылу­да. “Азия-авто” зауыты да кө­ліктердің жаңа маркаларын шы­ғару­ды қолға алды. Қазір мұнда көліктің сегіз түрі шығады.

Елбасы облыс әкімінің қазіргі атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға берді. “Жол картасы” бағдарламасының аясында ат­қарылған жұмыстардың сапасына назар аудару қажеттігі де айтыл­ды. Форумға қатысқан қала және аудан әкімдері де Елбасы жүк­теген тапсырмаларды орындау жолында күш-қуаттарын жұмсай бермек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.

 

Аз төлеп, көп үнемдеуге үйренейік

 

Елбасы былтырғы Жол­дау­ын­да: “Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеу­ге біздің кә­сіпорын­дарымыз бен азамат­та­ры­мыз әлі кірісе қой­ған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық ай­туға тиіспіз”, дей келіп, аз төлеп, көп үнемдеу әр­кімнің қамы­на айналу қа­жет­тігін атап көрсеткен болатын. Биылғы Жол­дауда да қауырт өсу кезеңінде үй­рен­шікті болып кеткен ысырап­қорлықты ойлы тұтынумен және үнемдеумен ауыстыру мәселесі күн тәртібінен ерекше орын ал­ғаны мәлім. Бұл міндет бәрімізге іргелі талаптар жүктері сөзсіз.

Қызылжар өңірінде Табиғи монополияларды реттеу агент­ті­гі­нің төрағасы Нұрлан Алдабер­ге­нов­тің қатысуымен өткен тұрғын үй-коммуналдық салаларда та­рифтерді белгілеуге және энергия ресурста­рын үнемдеуге арналған жиында көпшілікті толғантып жүр­ген өзекті проблемалар жан-жақты талқылан­ды. “Нұр Отан” ХДП жергілікті фи­лиалының бел­сенді мүшелері, бар­лық деңгейдегі мәслихат хатшы­ла­ры, аудан әкімдерінің орынбасар­лары, де­пар­тамент басшылары, ардагерлер мен сарапшылар жинал­ған келелі басқосуды облыс әкімі Серік Біләлов ашып, табиғи мо­нополия субъектілеріне дифферен­циалды және орта мерзімді тариф­терді ен­гізу, шикізат, материалдар шығы­нының нормаларын оңтай­лан­ды­ру, энергия ресурстарын тұ­тыну­ды азайту бағытында атқа­рылып жатқан жұмыстардың одан әрі жалғасатынын жеткізді.

Облыста жылу энергиясын тұр­мыста 68 мың абонент, өнер­кәсіп, бюджет, коммерциялық салаларда 2 мыңнан астам або­нент тұтынатынын, жылу желі­лерінің жалпы ұзындығы 230 ша­қырымға жететінін ескерсек, “Солтүстік Қазақстан Энергия орталығы” ЖШС, №2 Петропавл жылу орталығы, “Петропавл су” АҚ алдында бірқатар инвес­ти­циялық жобаларды сатылап жү­зеге асыру секілді ір­гелі міндеттер тұр. Жылу орталығында 7 тур­богенера­тор, 11 қазандық жұмыс істейді. Олардың электр қуаты — 380 мВт, жылу қуаты — 858,8 Гкал/сағ. 887 адам жұмыспен қам­тылған. Кәсіпорын 104 миллион теңгенің инвестициялық жобасын жасап, қолға ала бастады.

Бұдан тысқары агенттік тара­пынан 365 миллион теңгенің инвестициялық жобасы бекітілді. Негізгі инвестициялық жобалар сәтімен орындалса, стансаның қуаты 449 мВт-қа дейін артады. Табиғи монополия субъектілері ор­таша және ұзақ мерзімді тариф­терді қолдануды игере отырып, тәуліктік аймақтар бойынша элек­тр қуатына негізделген жүйеге көшетін болады. Сонда басы артық шығындар азайып, электр ресурстары барынша тиімді жұмсалатын болады.

Алайда, ысырапқорлықты ойлы тұтынумен алмастыруға тұ­тынушы­лар асығар емес. Бұл жө­нінде “Нұр Отан” ХДП Петро­павл қалалық мәс­лихатындағы де­путаттар фрак­ция­сының төрағасы Анатолий Ми­шин ашық айтты. Петропавл қала­сында тұрғын­дар­дың 74 пайызы суық және ыстық суға, 88 пайызы газға есептегіш құ­ралдар орнатса, жылу қуаты есеп­тегіштері 14 пайыз ғана. Де­мек, 20-40 пайыз артық ысы­рапқа жол беріп отыр­мыз деген сөз.

“Петропавл су” АҚ-та проб­ле­малар жетіп артылады. Оның президенті Данияр Сеңкібаевтың айтуына қарағанда, құрал-жаб­дық­тар тозғандықтан, басы артық шығындар көп. Жаңаларын сатып алуға қаржы тапшы. Жұмысшы-қызметкерлердің орташа жал­ақы­сы 20 мың теңге төңірегінде ғана. КСК ассоциациясының атқарушы директоры Сергей Худяков төлем тарифінің нақты жұмсалған жылу қуатына орай есептелуін құптай отырып, үнемдеу жолдарын сөз етті. Электр ресурстары шығын­дарын барынша қысқартуға арналған шаралар “Жол кар­та­сына” енгізілуі тұтынушылардың әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етері анық.

 Н.Алдабергенов коммуналдық желілерді қайта жарақтандыру мен жаңартуға, электр энергия­сын үнемдеуге қатысты мәселелер Президент белгілеп берген дағ­дарысқа қарсы арнайы бағдарлама аясында қолға алынып жатқанын айрықша атап көрсетіп, олардың мемлекеттік тұрғыдан шешім та­ба­тынына сендірді.

Өмір ЕСҚАЛИ,  Петропавл.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат