Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-07-04:

ЕЛОРДА САЛТАНАТЫНА СӘН ҚОСҚАН

Астаналықтардың көптен бері тағатсыздана күткен тағы бір құ­рылыс нысаны, халық арасында “бүкір көпір” аталып кеткен Бө­ген­бай батыр даңғылынан темір жол тораптарының үстімен өтіп, Ақжол (бұрынғы Угольная) көшесіне шы­ғатын жол айрығымен қиылысатын үлкен көпір еді. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 11 жылдық мерекесі қарсаңында ашылатын құрылыс нысандары қатарында “бүкір көпірдің” де белін жазып, көлік қатынайтын сол жақ эстакаданы ашты.

 

Тарихы 2006 жылдан баста­ла­тын “бүкір көпірдің” құрылысы 2008 жылы тоқтатып тасталған бо­ла­тын. Оған басты себеп, жобалау­шы­лар жер жағдайы мен көлік тас­қынын ескермей, көпір құры­лы­сының жобасын жасуда үлкен қа­теліктер жіберген. Оны бас мер­ді­гер “Джейлан Лимитед” ЖШС дер кезінде байқамай, құрылыс жұмыс­тарын бастап кеткен. Біраз қаржы игеріліп, құрылыс жұмыстары ең­се­леніп қалғанда, жобалаушылар қа­телігі анықталып, құрылыс жұ­мы­сы тоқтатылған. Содан жан-жақ­ты бітімгершілік келісімдер жа­сау нәтижесінде құрылысты қалпы­на келтіру жұмыстары басталған-тын. Жо

балауда жіберілген қателік­терді түзету “Каздорпроект” ЖШС мен бас мердігер “Джейлан Ли­ми­тед” ЖШС-ның есебінен жүргізілді.

Көлік тасқыны қалпына келт­і­ріл­ген сол жақ эстакаданың ұзын­дығы 716 метр. Сол жақ эстакаданы қалпына келтіріп, толық аяқтау үшін 1,5 мың текше метрден астам бетон, 200 тоннаға жуық металл бұй­ымдары жұмсалыпты. 24 метр тереңдікке дейін бойлайтын 672 темір-бетон қазығы қағылған. 12 рос­тверг салынған. Мамандардың жан-жақты тексерісінен кейін “бү­кір көпірдің” сол жақ эстакадасы көлік тасқынын қабылдауға толық дайын деген шешім қабылданды. Ал көпірдің оң жақ эстакадасы биылғы жылдың қараша айында беріледі деп күтілуде.

Мемлекет басшысы көпір құ­ры­лысын түгел аралап, мамандардың пікірін тыңдады. Содан кейін бас мердігер мен құрылысты жобалау­шыларға өзінің сын-ескертпелерін айтты. Осыдан кейін көпірдің сол жақ эстакадасымен көлік қозға­лысы ашылды.

* * *

Қала күні мерекесі қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ашқан құрылыс нысандарының ішін­де көркімен де, көлемімен де таңдандыра алатын “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының жаңа әкімшілік орталығының ғимараты болды.

Қазақстандағы қазіргі күнге дей­ін ең биік ғимарат саналатын бұл әкімшілік орталығы Астана қа­ла­сының сәулетіне шынымен-ақ сән қосқандай еді. Ғимараттың биік­­тігі – 175 метр. Оның сырт кө­рі­нісі өзінше бір композицияны құ­райды. Бір қабат жерасты және се­гіз қабат жерүсті тұғырынан 37 және 40 қабат екі биік мұнара өсіп шыққан. Қос мұнараның ортасы доға ретінде қосылып, әшекейлі шынылармен жабылған.

Елбасы ғимараттың бірнеше қабатын аралап, осы әкімшілік кешеннің шын мақтанышы бола алатын Тасымал жүйесі бас­қар­ма­сының автоматтандырылған орта­лы­ғына (ТЖБАО) келді. Қазақстан темір жолында барлығы 14 жол бөлімшесі бар. ТЖБАО осы 14 жол бөлімшесіндегі барлық пойыздар қозғалысын бақылайтын және реттейтін диспетчерлік орталық болып табылады. Озық технология және бүгінгі заманның инженерлік жүйесімен жарақтандырылған бұл орталықта бір ауысымда 20 диспет­чер және 7 инженер қызмет көр­се­теді. Бүкіл Қазақстан темір жо­лы­ның аумағындағы жолаушы және жүк пойыздарының тасымал жүйесін реттейтін орталықтың мамандары бас бағыттар бойынша жүретін темір жол құрамдарының қозғалысын бақылайды, жүктердің тиісті орындарына жеткізілуін қадағалайды, вагондарды және локомотивтерді бөліп реттейді. Сол сияқты бұл орталықта бүкіл ТМД және Балтық жағалауындағы елдердің темір жол қатынасы жүйе­лерімен тығыз байланыс жасалады. Осы бағыттағы жолаушы және жүк қатынастары реттеледі, темір жол инфрақұрылымының техникалық пайдалану жүйесі бақыланады.

“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-тың диспетчерлік тасымал басқармасының бастығы Бауыржан Орынбасаровтың айтуынша, мұн­дай автоматтандырылған орталық­тың ТМД елдері ішінде баламасы жоқ. ТЖБАО-ны ашпастан бұрын біздің мамандар Еуропаның біраз елдерінің, Қытайдың тәжірибесімен танысып, Қазақстанда ешкімге ұқсамайтын автоматтандырылған орталық жабдықтаған. Ақиқатында компьютерлік жүйемен және бүкіл Қазақстан мен ТМД мемлекетте­рінің жол қатынасын үлкен таб­ло­дан көріп отыратын мұндай орта­лық мақтауға тұрарлық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа осы орталықтың жұмысы туралы “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-тың президенті Асқар Мамин жан-жақты түсінік бер­ді. Оның айтуынша, автомат­тан­­­дырылған орталық бүкіл елі­міз­дің темір жол торабындағы жол қа­тынасының тиімділігін, жолаушы және жүк тасымалдау сапасын бір­не­ше есе арттыратын көрінеді. Со­ны­мен қатар, бір орталықтан бас­қару нәтижесінде еліміздің болат жолының бойымен жүретін құрам­дардың кестесі реттеліп отырады.

Елбасы теміржолшылардың ос­ын­­­дай бүгінгі заманның талап­та­ры­на толық жауап беретін әкімшілік орталық және Тасымал жүйесі бас­қармасының автоматтандырылған орталығына қол жеткізіп отыр­ған­дарымен құттықтады. Жиналған теміржолшыларға еңбекте табыс ті­леп, экономикамыздың күрета­мы­ры болып табылатын темір жол торабы жұмысының тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Суреттерді түсіргендер  С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ. 

 

АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШ НӘТИЖЕЛЕР ҚУАНТАДЫ

 

Зауыттың салтанатты ашылуынан кейін жалпыұлттық телекөпір арқылы өңір басшылары Президент назарына жаңа өңірлік инновациялық жобаларды ұсынды. Өйткені, индустриялық-инновациялық жобалар үнемі Мемлекет басшысының жіті назарында болып келеді. Соның алғашқы нәтижелері де көріне бастады.

 

Тек 2008 жылдың өзінде құны 246 миллиард теңге болатын 154 жоба қолда­нысқа берілген. Жаңа өндіріс орын­да­ры 11,5 мың жаңа жұмыс орын­дарын ашуға мүмкіндік туғызып отыр. Қазіргі кезде еліміз бойынша құны 7,5 триллион теңгеге бағалана­тын 97 ірі жоба жүзеге асырылуда. Осылайша қосымша 42 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Тек би­ыл­дың өзінде еліміздің барлық өңірінде 26 өндіріс кешенінің құрылысы аяқталады деген жоспар бар. Теле-көпір режімінде Президентке жалпы құны 114 миллиард 678 миллион теңге тұратын 16 өңірлік жоба таныс­тырылды. Бұл өндіріс ошақтары 4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр.

Ақмола облысында қазір 32 инвес­тициялық жоба қолға алынғаны белгі­лі болды. Васильков кен орнын кеңейтуге және фабрика құрылысын салуға 68 миллиард теңге көзделіпті. Шикізат өндіру қуаты жылына 8 миллион тонна руда мен 15 тонна алтын жөнелтуге жеткізіледі екен. Аталған жобаға “Қазцинк” кәсіпорны өзінің қаржысын құяды. Сол сияқты облыста өндіріс көлемі жылына 2 миллион тоннаны құрайтын жаңа цемент зауыты іске қосылмақшы. Оның құрал-жабдықтарын “Дат” компаниясы өз мойнына алыпты.

Телекөпір қосылған кезде облыс әкімі Альберт Рау Еңбекшілдер ауда­нындағы “Теңізбай” кен орнындағы құны 2 миллиард теңгелік жобаны көп­шілік назарына ұсынды. Аталған жаңа өндіріс орны жылына 500 тонна уран өндіре алатыны айтылды. Облыс әкімі кәсіпорын директорымен бірге рұқсат алғаннан кейін өндірісті іске қосты.

Ақтөбеден – Сатыбалды Сәуірбай:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың “он-лайн” байланыс жүйесіне қаты­суы­мен Астана күні құрметіне елі­міз­де кеше іске қосылған бір­неше инвес­тициялық жобалардың қатарындағы Ақтөбе облысындағы “Қазхром” ТҰК” АҚ-қа қарасты “Дөң” тау-кен байыту комбинаты күйдірілген хром қиыршық (шекен) тастарын өндіретін фабрикасының екінші кезегі – ТМД елдерінде ғана емес, дүние жүзінде сирек кез­десетін озық технологияға негіз­делген бірегей кәсіпорын.

Осы шараға байланысты сал­танат “Дөң” тау-кен байыту ком­бинатының өндірістік алаңында өт­ті. Қуанышты сәтке жиналғандар­дың жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі.

Астана Хромтау ауданымен ті­ке­лей телекөпір арқылы байла­ныс­қа шықты. Облыс әкімі Елеусін Сағын­дықов Елбасына фабрика­ның екінші кезегінің құрылысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, фабриканың қуаты жылына 700 мың тонна хром қиыршық тасын шығаруға мүмкін­дік береді, оған 17,0 млрд. теңге ин­­вестиция салыныпты. Ол әлем­дегі ең қуатты және заманауи тех­нологиямен жабдықталған. Осы фабрикамен бірге қуаты жылына 1 млн. тонна ұсақ хром қиыршық тастарын өндіруге мүм­кіндік бе­ре­тін тағы бір фабрика іске қосы­ла­тын көрінеді. Мұнда қосымша 50 млрд. теңгенің өнімі өн­ді­ріледі деп кү­тілуде. ТМД елдері үшін күй­діріл­ген хром қиыршық тас­тарын өндірудің жаңа технологиясын енгізу ұсақ кеннің жиналып қалған қорын өнеркәсіптік игеруде кез­десетін мәселелерді шешуге және Қазақстанның ферроқорытпа зау­ыт­тары үшін кесек рудаларды жет­кізудегі қарыздарлықты қысқартуға мүмкіндік беретін болады.

Сондай-ақ облыс әкімі шілде айының алғашқы онкүндігінде 11 нысанның іске қосылатынын жет­кізді. Биыл облыста жалпы инвес­тициялық құны 1,6 млрд. АҚШ дол­лары болатын елуден астам ин­дустриялық-инновациялық жоба іске қосылып, жаңадан 5 мың жұ­мыс орны ашылатынан хабардар етті.

Содан кейін “Дөң” тау-кен байы­ту комбинатының құр­мет­ті кеншісі Афанасий Тюмник ар­найы орнатыл­ған тетікті басып, фаб­­риканы іске қос­ты. Осы кә­сіп­орында қырық жыл­дан астам еңбек еткен Ерсайын Са­ғитов Елбасына елдегі тыныштық пен тұрақты­лықты, сондай-ақ экономи­калық дамуды қамтамасыз ететін сара саясаты үшін алғыс сезімін білдірді.

Өндіріс гүрілдеп іске қосылып са­ла берді. Эфирдің екі жағындағы кө­рер­мендер қол шапалақтап, өздерінің ізгі тілектерін білдіріп жатты. Осы ретте Президент сөз алып, Ақтөбе об­лысында көптеген өндіріс ошақта­ры­ның іске қосылуында жергілікті бас­шылар үлесі қомақты екенін айтты.

Алматы облысындағы Қапшағай қаласынан – Күмісжан Байжан:

Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев­тың биылғы Жолдауында серпінді жоба­лар­­­ды іске асыруда жергілікті өндіріс­шілердің әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі атап айтылған. Осы орайда өңірде 51,2 млрд. АҚШ доллары бола­тын 90 инвестиция­лық жобаға мони­торинг жүргізілсе, бүгінде құны 27,9 млрд. АҚШ долларын құрайтын 45 құнды жоба жүзеге асырыла бастады. Ағымдағы жылы ғана осын­дай 11 жобаның тиянағын келтіру біртіндеп қолға алынған.

Алдымен екі ірі электр ныса­ны­ның құрылысы телеэфирде барынша паш етілді. Өйткені, қазір құрылысы жүріп жатқан Балқаш ЖЭС-і мен Мойнақ ГЭС-і (қуаты 300 МВт) елі­міздің оңтүстік өңірін электр қуаты­мен толық қамтамасыз етуі тиіс.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберіндегі 7 жоба құрылысы ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде. Осы жобалардың бірі – “ІAG-Trade” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік-логистикалық кешені Қапшағай қаласының жанын­дағы Заречный өндіріс аймағынан бой көтерді. Астананың туған күні қар­саңында зауыттың тұсаукесеріне байла­нысты өндірістік-логистикалық кешен тікелей эфир арқылы Мем­ле­кет бас­шы­сы Нұрсұлтан На­зар­баев­қа, ел жұртшылығына таныс­тырылды.

Өндіріс орнының ашылуына Ал­ма­ты облысының әкімі Серік Үм­бе­тов қатысып, шара елордамен теле­экран арқылы бейнеконференция түрінде жүргізілді. Жаңадан ашылған кәсіпорын 5000 тоннаға дейін балық өнімдері мен теңіз тағамдарын өңдей алады. Сыйымдылығы 4200 тонна дай­ын өнімді сақтауға арналған мұз­дат­қыш терминалы бар. Облыс бас­шы­сы өндіріс орнының халықты жұ­мыспен қамту, тұтынушы талғамынан шығатын өнім дайындау, тағы басқа ерекшеліктеріне тоқталды. Зауыт құ­рылысына 2 млрд. теңге инвестиция тартылып, делдалсыз тікелей әкелін­ген шикізаттың өзімізде өңделуі, сапалы, қолжетімді бағамен балық өнімдерін өндірудегі тиімділігі мен өңірдегі Елбасының тапсырмасын жүзеге асырудағы игі қадамдардың бірі екендігі де назарға салынды.

Болашақта өндіріс жанынан қуат­тылығы жылына 2000 тонна жеміс-жидек және көкөніс өңдейтін цех ашу жоспарланған. Кәсіпорында 130 адам жұмыспен қамтылса, олардың айлы­ғы 60 мың теңгені құрайды. Дайын өнім елімізбен қатар, Орталық Азия және Еуропа елдеріне шығарылатын болады. Елімізде сапалық жағынан бейіндік қызмет түрлерін ұсынатын мұндай өнеркәсіп орындары көп еместігі белгілі. Серіктестік басшысы Руслан Сағиданов бізбен әңгімесінде:

– Өндіріске қажетті құрал-жаб­дық­тар Оңтүстік Корея мен Норв­е­гиядан жеткізілді. Мақсат – еліміз бен Ресейдің балық аулау кәсіп­ор­ын­дарымен жасалған тікелей келісім-шартты тиімді пайдаланып, дайын өнімдерді бірден бөлшек сауда же­лілеріне жеткізу арқылы тұтынушыны арзан балық өнімдерімен, теңіз тағамдарымен қамтамасыз ету,– деді. Осылайша, арнайы қораптардағы дайын өнім алғашқы тұтынушысына жол тартып жатты. Мұның өзі бүгінгі дағдарысты еңсеру мен алдын алудағы маңызды қадам екені анық.

Әрине, өңір экономикасына негіз қа­лайтын құнды жобалар Еңбек­ші­қа­з­ақ, Іле, Жамбыл, Қарасай ауданда­рында ағымдағы жылы іске қосылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдей­тін жаңа кәсіпорындар қатары өсетінін де атап айтуға болады.

Мемлекет басшысы облыстағы жұ­мысқа көңілі толатынын білдіре келе, ауыл шаруашылығына үлкен көңіл бөлініп отырғандығына назар аудартты. Биылдан бастап Жетіген-Қорғас темір жол желісінің құрылысы басталып, электр желісі салынатынын айтып, облыс жұртшылығына табыс тіледі.

Миллиардтаған долларға бағала­на­тын мұнай келісім-шарттарымен өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асырып отырған Атырау облы­сының бейне көрінісі эфирден жан-жақты көрсетілді. Негізгі жобалардың ішінде Қашаған мұнайын тасыма­л­дауды қамтамасыз ететін Каспий жо­басы бар. Оның құны – 23 миллиард доллар. Мұнай мен газды дайындау­дың кешенді қондырғысы жобасына ТШО 14 миллиард доллар жұмса­мақ­шы. Зауыт толық іске қосылған кезде мұнай өндірісінің көлемі жылына 40 миллион тоннаға дейін жетеді. Со­нымен қатар, жылына 1 миллион 250 мың тонна полиэтилен мен поли­пропилен шығаратын газхимиялық кешен бой көтереді. Қазіргі кезде Атырау мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу қолға алынған. Модернизациялаудың барысында өндіріс көлемін 4-тен 5 миллион тоннаға дейін жеткізу көзделген. Сөйтіп, жоғары сапалы бензинге деген аймақтың сұранысын толық қанағаттандыру қолға алынбақшы.

Сол сияқты Атырау жылу-электр орталығы жаңартылуда екен. Аталған орталықтан сөз алған облыс әкімі Бергей Рысқалиев 75 МВт-тық газ­тур­биналы стансаның жұмысын іске қо­суға рұқсат сұрады. Аталған ны­сан­ды жеке кәсіпорын өз қаражаты есебінен (16 миллиард теңге) салғаны айтылады. Бұрын энергияның 20 пайызын өзге өңірлерден алып келген Атырау орталық толық іске қосылуы­мен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті сыртқа да шығара алатынын облыс әкімі ерекше ықыласпен жеткізді.

Осылайша Атырау облысы әлеу­мет­тік-экономикалық даму жөнінен бірінші жартыжылдықтағы міндетте­ме­лерін толық орындап, өнеркәсіп өні­мінің индексін 110 пайызға жеткізгендігі баян етілді. Ілеспе газды жергілікті тұрғындардың игілігіне жаратып жатқан атыраулықтарды Елбасы шын ниеттен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Шығыс Қазақстан облысы “Қаз­цинк”, “Қазақмыс”, “Қазатомпром” сияқ­ты ірі корпорациялар шоғырлан­ған өлке болып табылады. Қазір мұн­да Өскемен металлургиялық кеше­нінің қорғасын зауытын қайта құ­ры­лымдау және электролиз цехы бар мыс зауытының құрылысы жүргізі­лу­де. Құны 83,8 миллиард теңгеге ба­ғаланатын жоба нәтижесінде жылына 70 тонна катодты мыс және 100 мың тонна қорғасын өндірілетіні ерекше аталды. Жұмыс орны – 689. Сондай-ақ облыста “Қазақцемент” кәсіпорны жылына 1 миллион тонна цемент шы­ғаратын зауыт құрылысын баста­ған. Ядролық технологиялар паркінен сөз алған облыс әкімі Бердібек Са­пар­баев құны 10 миллиард теңге болатын 18 жобаның іске қосылған­ды­ғын хабарлады. Курчатов қала­сын­да Президент тапсырмасымен ашыл­ған технопарк жоғары технологиялық өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Мұнда көбіршіктелген полиэтилен мен манжет және лента шығаруды “Каzfoam” ЖШС жүзеге асырып отыр. Құны 1,2 миллиард теңгеге бағаланатын жобаның нәтижесінде жылына 500 мың текше метр өнім алынады. Бұдан басқа биыл жабын материалдарын, вагон тежегіштерін, медициналық препараттарды, мине­рал­ды су шығару сияқты үдерістер радиациялық технологияны пайда­лану есебінен жүзеге асырылатын болған. Жақында облыста болған­ды­ғын еске алған Мемлекет басшысы Курчатов қаласындағы игі істердің жалғасын табуы керектігін атап көрсетті.

Жамбыл облысында минералдық тынайтқыштар экспорттауға арналған химиялық кластер құрылады. Аталған жобаға 600 миллиард теңге бағытта­лып отыр. Қаратауда жүзеге асып жат­қан кәсіпорын жылына 1 милли­он тонна тыңайтқыш және сол ша­ма­да азотты тыңайтқыш өңдейтін бо­лады. Жергілікті құрылыс компания­ла­ры үшін жылына 1 миллион тонна­дан астам өнім шығара алатын це­мент зауыты іске қосылуға тиіс. Кә­сіпорында жаңадан 350 жұмыс орны ашылады. Шикі мұнайды өңдеуге 1,5 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Бір кездері тұралап қалған “Химпром – 2030” кәсіпорны жаңа өнім шығара бастағаны облыс әкімі Бөрібай Жексембиннің хабарлауынан белгілі болды. Сары фосфор шығара­тын зауыт қайта жарақталып, ферро­қорытпа өнімдерін дайындай бастап­ты. Жобаның құны 19,2 миллиард теңге, кәсіпорын жылына 100 мың тонна ферроқорытпа, 12 мың тонна болат прокатын және 18 мың тонна электр­кальцинирлі антрацит шығара алады.

Батыс Қазақстан облысында бір­не­ше инвестициялық жоба қолға ал­ын­ған. Жайық мұнай компаниясы мер­каптан мен күкірттен тазартылған тауарлық мұнай мен газды тасымал­дайтын құбыр салған. Ол арқылы жылына 2 миллион тонна өнім жөнелтіледі екен. Сондай-ақ облыста мұнай айдау құралдарын шығаратын зауыт жұмыс істейді. Сапалы күнбағыс майын өндіретін кәсіпорын да қолданысқа беріліп отыр.

“Зенит” кәсіпорнынан Елбасы­мен облыс әкімі Бақтықожа Ізмұха­ме­дов тікелей эфир арқылы жүздесіп, облыста жалпы 132 миллиард теңге­ден асатын жобалардың жүзеге асып жатқандығынан хабардар етті. Ол өзі тұрған зауытта Каспий теңізі шека­ра­шылары үшін жасалып жатқан кеме­нің құрылысы аяқталып қалғанын алға тартты. Бұған дейін “Сұңқар”, “Бүркіт” атты кемелерді суға жіберген кәсіпорын жаңасының атын “Есіл” деп атауды ұйғарыпты. Жаңа кеме сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүзе алуымен қатар, 3 күнге дейін жағаға шықпауға мүмкіндік береді. Кеме жасаушыларды табыстарымен құттықтаған Елбасы олардың алдында жаңа міндеттер тұрғандығынан да құлағдар ете кетті.

Қостанай облысы өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу әлеуеті молдығымен ерекшеленеді. Қазір мұнда 1 миллиард 260 миллион теңгелік сүт өндеу зауытының құры­лысы салынуда. Аталған кәсіпорын күніне 150 тонна сүт өңдей алады. Соколов-Сарыбай комбинаты құны 50 миллион долларлық прокат өндірісін іске қосқан. Кәсіпорын сондай-ақ жергілікті жылу-электр стансасын күрделі жөндеуден өткізсе, ол облыстың 90 пайыз аумағын қамтуға шамасы жетеді екен. Металл прокатын шығаратын зауыттан сөз алған облыс әкімі Сергей Кулагин аталған кәсіпорын ерекшелігін жан-жақты әңгімелеп берді.

Вагон құрастыру зауыты – Қы­зыл­орда облысының маңызды жоба­ла­рының бірі. Жылына кәсіпорында 2,5 мың вагон құрастыруға мүмкіндік бар. Бұдан басқа, облыста көмір­қыш­­қыл газын тасымалдауға арналған терминал құрылысы басталған. Оның құны 15 миллион АҚШ долларын құрайды. Газ кешенінің құрылысына 92 миллион доллар бағытталса, кә­сіпорынның қуаты жылына мұнайдан шығатын 150 миллион текше метр ілеспе газды өңдеуге жетеді.

Арал қаласында балық өңдеу зауыты іске қосылған. Облыс әкімі Болатбек Қуандықов белгіленген 42 жобаның 16-сы жүзеге асып отыр­ған­дығын жеткізді. Сөйтіп, ол Құмкөл мұнай кенішіндегі “Торғайпетролеум” АҚ тапсырысымен салынған ілеспе газды өңдеу зауытын іске қосты. Осы ретте Мемлекет басшысы ілеспе газдың құр далаға кетпей, ел игілігіне жұмсалып жатқандығына ризашы­лығын білдірді.

Маңғыстау облысы еліміздегі өндіріс кәсіпорындары өндіретін өнімдердің 15 пайызын иемденген. Қаржыға шаққанда өнім 1,5 триллион теңгені құраған. Облыста прокат цехы, кеме жасау зауыты, фарма­цев­тикалық кешен сияқты құрылыстар қолға алынған. Мәселен, темір-бетон шығаратын зауыт құрылысына 450 миллион теңге қарастырылса, оның шығарған өнімі 40 мың текше метр тауарлық бетон мен темір-бетон өнімдерін құрайды. Ең бастысы – мұнда 2600 орынға арналған Каспий мемлекеттік технология және инжи­ниринг университетінің студенттік корпусының құрылысы жүзеге асуда.

Ақтау қаласынан қосылған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев баршаны Астана күнімен құттықтап, металл жарату зауытына қатысты жан-жақты мәлімет берді. Қазақстан Даму бан­кінің қолдауымен мұнда 53 миллион АҚШ доллары құйылыпты. Артынша сөз алған студенттер Мемлекет бас­шысына шексіз алғыстарын жеткізе отырып, Нұрсұлтан Әбішұлын өз оқу орындарының базасымен танысып қайтуға шақырды. Ақтау өңіріне де металлургияның жеткендігін айтқан Нұрсұлтан Назарбаев оның көптеген адамға жұмыс тауып беретін үлкен өндіріс ошағы екендігін тілге тиек етіп, жастар мамандықты тезірек меңгеріп, халыққа жұмыс істеуге ынталы болуы университеттің салынуымен бір мезетте келіп тұрғанын жеткізді. Инвесторлардың осында қаржы салып жатқандығын ескерте кеткен Мемлекет басшысы әкімнің екі интеллектуалды мектеп салуы қажеттігіне назар аудартты.

Павлодар облысы индустриялы өңір саналатыны баршаға аян. Об­лыста электролиз зауытында алюмий­ді бастапқы өндеу қондырғысының құрылысы қолға алынған. “Паритет” компаниясы құбыр шығару өндірісін жолға қойып, жергілікті жердің қа­жеттілігін қамтамасыз етуде. Пав­ло­д­ар мұнай өндеу зауытының өнімі сапасын жақсарту мақсатында сутегі өндіретін зауыт құрылысы жүзеге асуда.

Бақытжан Сағынтаев облыс әкімі ретінде зауыттың сағатына 31 мың текше метр техникалық сутегі өнді­ретінін, жобаға 5 миллиард теңгенің жұмсалғанын айтты. Ал тікесінен дәнекерленетін болат тұрбаларды өндіретін кәсіпорын құрылысына 1,8 миллиард теңге жұмсалу көзделсе, оның өнім шығару қуаты жылына 100 мың тонна құбыр болады деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы да өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, өңдеумен, биоэтанол шы­ғару­мен әйгілі. Мұнда сүт, ет өңдеу цехтары іске қосылса, осы бағытқа тартылған инвестиция көлемі де қомақты. Сондай-ақ облыста полиэ­тилен тұрбасын, сэндвич-панельдер, маталлчерепица шығаратын кәсіп­орын іске қосылған. Ол “Патропавл құрылыс материалдары зауыты” АҚ базасында жүзеге асырылатын. Облыс әкімі Серік Біләлов құрылыс материалдары зауытында өнімнің жеті түрі шығатынын алға тартты.

Жеңіл өнеркәсібіне бағыт алған Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өңдеу кәсіпорындары іске қосылғаны белгілі. Құны 1 миллиард теңге болатын жаңа ұн өңдеу кешені іске қосылса, одан әрі кәсіпорын макарон және өзге де ұн өнімдерін шығаруды қолға алмақшы. Ал Шардарада жылына 2,5 мың тоннаға дейін балық өңдейтін зауыт ашылған.

Аккумуляторлық батареялар шығаратын зауыттан тікелей эфирге қосылған облыс әкімі Асқар Мыр­зах­метов орта және шағын бизнес сала­сындағы жобаларды айтпағанның өзінде жыл аяғына дейін 7 ірі жобаның іске қосылатынын атады.

Алматы қаласының әкімі Ахмет­жан Есімов Президент назарына кіші қала жобасымен салынған “Көкжиек” шағын ауданы туралы мәлімет берді. Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, қаладағы құрылыс саласында 70 мың адам еңбек етеді. Қиындықтарға қа­ра­май, құрылыс қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 12 пайыздық өсімге ие. 8 мың адамға арналған шағын ауданның құрылысы да сол серпінді құрылыстың бір мысалы. Жалпы, облыста құны 24 миллиард тең­геге бағаланған 10 ірі жоба қаралған.

Қарағандыдан – Айқын Несіпбай:

Мемлекет басшысының елімізді индустриялық-инновациялық дамыту бойынша берген тапсырмасын ор­ындау жолында өндірісті өңір өзінің көшбасшылық орнын сақтап келеді. Ағымдағы жылда 23 инвес­тициялық жобаның іске қосылмақтағы соның айғағы. Бұлардың алды жұмыстарын бастап та жатыр. Соның бірі кеше “Қ­а­рағандыцемент” зауытында це­ментті құрғақ тәсілмен өндіруге кіріскен жаңа технологиялық желі болды. Осынау маңызды оқиға Елба­сы­на телекөпір арқылы тікелей көрсетілді.

Кәсіпорын мамандары және жұ­мысшыларымен бірге аталған өн­дірістік буынның ашылуына қатыс­қан облыс әкімі Нұрлан Нығмату­линнің: “Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Облыс Сіздің отандық құрылыс индустриясын дамытуға арналған тапсырмаңызды орындаға­нын қуана хабарлаймыз. Бұл желі мұнда цемент өнімін екі есеге ұл­ғайтуға, атап айтқанда, өндірілу көлемін жылына 1 миллион 800 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Қосымша 240 адам жұмысқа тартылып, ұжым мүшеле­рінің қатары өсті”,– деген сөзін жиналғандар ду қол шапалақтап қарсы алды. Мұның өзі Елбасының жаңа индустриялан­дыру бағдарламасының нәтижесі екеніне ризалықтарын білдірді. Н. Ә. Назарбаев салтанатты митингке қаты­сушыларды Қазақстан экономикасы үшін маңызды буынның іске қосы­луымен құттықтап, еңбек­теріне табыс тіледі.

Зауыт өнімі қазір өте өтімді болып отыр. Облыстан және басқа өңір­лерден оған тапсырыс көп. Ол ақшаға шаққанда 8 млрд. теңгені құрайды немесе бұл – 800 мың тонна цемент деген сөз. Астана –Қарағанды бағы­тында төрт жолақты жолдың салына бастауы цементке сұранымды және күрт өсіргелі тұр.

Кеше, сонымен бірге, облыста құрылыс индустриясының тағы екі кәсіпорны іске қосылды. Темір-бетон құрылғыларын құрастыратын болат сымдар және жылу радиаторларын шығаратын “Азия-Метиз”, “Қазтерм” зауыттары алғашқы өнімдерін өндіруге кірісті. Олар жақын арада Астанадағы, Алматыдағы, Қарағанды­дағы тұрғын үй құрылыстарына жөнелтіле бастайды.

Еліміздің 15 облысын және Алматы қаласын жалғастырған теле-көпірдің қорытындысын Президент Н.Назарбаев шығарды. Нұрсұлтан Әбішұлы жоспардағы осы орайда жобалардың нақты жүзеге асып жатқандығын, Үкімет пен әкімдердің жұмысы қомақты екенін, биылғы жылдың өзінде елімізде 20 өндіріс орнының іске қосылғанын айтып, ризашылығын ашық білдірді. Ал жыл аяғына дейін 80 өндіріс орны іске қосылады деп күтілуде. Негізгі өндіріс орындарын іске қосу 2010-2011 жылдардың үлесіне тиеді. Олай болса, 2020 жылға дейінгі индустрияландыру бағдарламасын іске асырудан 50 миллиард доллар өнім шығарылып, экономика 1,5 есеге ұлғаяды.

Мінекей, іс пен сөздің бір екенін көрсететін шаруаға өздеріңіз куә болдыңыздар, деді Елбасы сөз со­ңын­да. Дағдарыс деп қарап отырмай, қай­та дағдарыс кезінде жаңа мүмкін­ші­ліктерді пайдалану осы болып табылады. Соңынан Президент бар­лық әкімдерге рахметін жеткізе отырып, осындай есеп берулер жүргізіле беретінін атап көрсетті.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат