Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-07-10:

ҚМЭБИ — КАДР ДАЯРЛАУДАҒЫ КӨШБАСШЫ

 

Қаржылық қолдау

Институт өз студенттерін қар­жы­лық қолдау тұрғысында да са­раңдық танытып көрген емес. Бұл мақсатқа өткен оқу жылында ғана 1,1 миллионнан астам АҚШ дол­лары бөлінді. Ал магистратура мен бакалавриаттың мұқтаж студенттері­нің 76 пайызы әртүрлі гранттарды иеленді, сондай-ақ 189 студентке тегін оқу құқығы берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің грант­тары, шетел студенттері үшін грант­тар, ҚМЭБИ Президентінің грант­тары, ҚМЭБИ деканының грант­тары, қорлар мен компания­лар тарапынан берілетін гранттар – көп жылдардан бері институт студент­теріне жасалып келе жатқан қам­қорлықтың толық емес тізімі, міне, осындай.

Институт дарынды жастарды қолдауға да көп көңіл бөледі. Мек­тепті “Алтын белгімен” бітірушілер, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары биыл да 50 және 30 пайыздық жеңілдік мөлшеріндегі қосымша гранттарды пайдаланбақ. 

 

Бакалавриаттың инновациялық бағдарламалары

Оқу ордасында АҚШ үлгісіндегі несиелік жүйеге негізделген, бакалавриаттың дәрежесі қоса берілетін әртүрлі алты бағдарлама бар. Мұндағы бір артықшылық, студент өзіне ыңғайлы кестені өзі жасап ала алады. Мысалы, бакалав­риат бағдарламасындағы оқуға 4 жыл уақыт кетсе,  сіз оны өзіңізге бейімдеп, неғұрлым ұзағырақ мер­зімге ұзарта аласыз. Тағы бір артық­шылығы – оқу жоспарының кең ауқымдылығында. Бакалавриат сту­денттері өз қалаулары бойынша қо­сарланған мамандық немесе фа­культет шеңберіндегі басқа кафедрада екінші қосарланған мамандықты да таңдай алады. Бұл үшін факультет пен институт деңгейіндегі консуль­тациялық орталықтар тарапынан студенттерге қамқоршыл көмек көр­се­тіледі. Бакалавриат бағдарламасы мына төменгі мамандықтарды ұсы­нады:  халықаралық қатынастар саласындағы әлеуметтік ғылымдар бакалавриаты, мемлекеттік басқару саласындағы әлеуметтік ғылымдар бакалавриаты, іскер әкімшілдік және бухгалтерлік есеп саласындағы ба­калавриат, халықаралық журна­листика саласындағы гуманитарлық ғылымдар бака­лавриаты, экономика саласындағы гу­манитарлық ғылым­дар бакалав­риаты.

 

Магистратураның инновациялық бағдарламалары

ҚМЭБИ-де дәстүрлі түрде жоғары білікті профессорлар мен оқыту­шылар сабақ береді. 50 оқытушының батыс үлгісіндегі докторлық дәрежесі бар, бұдан басқа 19 қазақстандық оқы­тушы Еуропа мен АҚШ универ­ситеттерінде докторантура бағдарла­ма­ларында оқып жатқан көрінеді. Олардың оралған соң отандық білімді дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім зор.

Білім ордасында Бэнгтің бизнес факультеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, тіл орталығы сияқты академиялық бөлімшелер және құқық мектебі оқытатын әралуан магистра­тура бағдарламаларының кең ауқымы қа­растырылған. Магистра­тура бағдар­ламаларында оқыту және оларды басқару неғұрлым қатаң ха­лықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Білім берудің америкалық үлгісі, несиелік жүйе мұнда да енгізілген. Мысалы, ҚМЭБИ-де магистр дә­режесін алу үшін студент нақты бағдарламаға орай 36-дан 63 несиеге дейін жинауы қажет. Әдетте оқу мерзімі 2 жылға созылады. Алайда, егер сіз пәндерді неғұрлым баяу ырғақта өтуді қаласаңыз, онда магистратура бағдарламасында бес жылға дейін оқи аласыз. Сонымен бірге бакалавр дәрежесін алған студенттер одан арғы оқу мерзімін қысқартуға да мүмкіндігі бар. Егер сіз  бакалавриатты да, магистратураны да қоса өтуді қаласаңыз, бес жылда осы екі дәрежені де алуыңызға әбден болады.

Мемлекеттік басқару магистрату­ра­сының бағдарламасы ұйымдас­тырушылық, қаржылық, заңгерлік және саяси салалар бойынша терең білім беруге негізделген. Инсти­тут­тағы маңызды бағдарламалардың бірі экономика саласындағы магистра­турада жүзеге асырылады. Онда бо­лашақ мамандар бизнестегі, заңнама­лық саладағы экономикалық қыз­меттің өзара күрделі байланыстарын, сондай-ақ іскерлік алыс-беріс қыз­меттеріне немесе үкіметтік жобаларға байланысты сан-салалы талдамалық міндеттерді түсініп атқаруға  даяр­ланады. Экономика кафедрасы Сан- Франциско университетімен және Гумбольд университетімен ынты­мақтастықта қызмет етеді.

ХҚМ  (MІR) бағдарламасының мақсаты – халықаралық аренада көшбасшы болуға қабілетті ғалымдар мен кәсіпқойларды даярлау. MІR бағдарламасының түлектері өз мансабын үкіметте, дипломатиялық қызметтерде, халықаралық ұйымдар­да, Біріккен Ұлттар Ұйымында және оның өңірлік өкілдіктерінде, сондай-ақ академиялық салада өркендетуге мүмкіндік алмақ.

 

Ақы төлеудің икемді жүйесі

ҚМЭБИ-де оқу үшін төлемақы нақты семестрде тіркелген пәндер санына негізделген. Студенттерге жеке ықыластарына және қаржылық ахуалға байланысты әр семестрде 1-ден бастап 6 пәнге дейін алуға рұқсат етіледі. Оқу ақысын күзгі және көктемгі семестрлерде алты бөлікке бөліп төлеуге болады. Мұның өзі студенттерге іс жүзінде төлемақыны ай сайын төлеп отыруға мүмкіндік береді. Оқу ақысын бір жыл бұрын төлеп қоятын студенттерге жеңілдік белгіленген.

 

Халықаралық университеттермен ынтымақтастық

ҚМЭБИ студенті бір немесе екі семестр бойы әріптестік қатынастар орнатылған халықаралық ЖОО-лардың бірінде оқи алады. Мұның өзі шетелде білім алудың сирек мүм­кіндігін еншілетеді. Қазіргі шақта ҚМЭБИ әлемнің 60-тан астам уни­верситеттерімен алмасу бағдар­ла­масын ұсынады. 2008-2009 оқу жы­лында ҚМЭБИ-дің 100-ден астам студенті алмасу бағдарламаларына қатысуға таңдалып алынды. Олар­дың төрттен біріне жуығы  әртүрлі гранттарды еншіледі.

 

Студенттік жарқын дәурен

ҚМЭБИ-де сабақ беру мен оқы­тудың ең жаңа мультимедиялық технологиялары қолданылады. ЖК-проекторлы 75 осы замандық ком­пьютерлендірілген сыныптар, сон­дай-ақ интерактивті тақталы бір­неше аудитория бар. 2008 жылдың сәуірінде ҚМЭБИ-де жаңа оқу кор­пусы ашылды. Барлық компью­тер­лік зертханалар және студенттердің өз бетімен дайындалатын аймақтары институттың ішкі ақпараттық же­лісіне және ғаламтор желісіне қо­сылған.

ҚМЭБИ-де мәдени және әлеу­меттік шаралар, сондай-ақ думан-сауықтар өткізілетін осызамандық студенттік орталық бар. 500 орын­дық акт залында кинофильмдер көрсетіліп, концерттер, театрлан­дырылған қойылымдар және жыл сайынғы “ҚМЭБИ аруы” конкурсы сияқты көпшілік шаралар өткізіледі. Қазіргі уақытта институтта 30-ға жуық студенттік ұйымдар әрекет етеді. Олар кәсіпкерлік, журна­листика, мәмілегерлік, пікірталас, бейнелеу өнері, кино, театр, саясат, спорттық командаларды қолдау топтарын құру (чирлидинг), ойын-сауықтар мен қайырымдылық сияқты салаларда шаралар өткізеді.

 

Бүкіл өмірге арналған инвестиция

ҚМЭБИ-дің түлектері отандық және халықаралық компаниялар­дағы тұтқалы қызметтерге жүйелі түрде орналасып, Орталық Азия еңбек рыногында басым рөл атқаруын жалғастырып келеді. Сондай-ақ олар ҚМЭБИ-де алған машықтарды пайдалана отырып, шетелде де табысты жұмыс істеуде. ҚМЭБИ-дің еліміз бойынша кадр даярлаудағы көшбасшылығын оның түлектерінің 95 пайызы оқуды бітірген соң үш ай ішінде еңбекке орналасатындығы  да тайға таңба басқандай айғақтаса керек.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат