Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-10-18:

Қазақстан-Ресей:

Каспийдегі жүйелі қатынас  екі жаққа да тиімді

 

14-15 қазан күндері Ақтауда ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық талдау орталығы, Маңғыстау облысы әкімдігі және “РИА-новости” ақпарат агенттігінің ұйымдастыруымен “Қазақстан-Ресей: Каспийдегі қарым-қатынас” атты “дөңгелек үстел” отырысы өтті.


Толығымен



2006-10-14:

Айтыс-тартыс халыққа тамақ болмайды

 

Жыл жемісін жинайтын күз келді. Қырғыз елі туралы ойлағанда, дәл бүгін бұл елдегі берекелі жиын-терін, халықтың ризығы емес, айтыс-тартыстың “жемісі” көңілге оралады. Жыл басынан бергі дау-дамай суық күзде үлкен қақтығысқа барып жалғасатын сыңайлы.


Толығымен



2006-10-13:

Халал индустриясының қадамдары

 

Малайзия – экваторлық белдеуде орна­лас­қан ел. Жер көлемі 332,8 мың шаршы ша­қырым, халқының саны 20 млн. адамға жуық. Соның 60 пайыздайы малайлар, 20 пайыздан астамы қытайлар, 10 пайыздан астамы үнділер. Мемлекеттік тілі малай тілі, ресми діні – Ислам. Астанасы Куала-Лумпур қаласы. Малай тілінен аударғанда ол өзеннің лай бастауы деген мағынаны білдіре­ді. Жуық шамамен Куа­ла-Лумпурде 2 млн.-ға жуық адам тұрады.


Толығымен



2006-10-11:

Берекеге бастаған бірлесу

 

Біз соңғы жылдары Ресей елінің іргелі кәсіпорындарымен қоян-қолтық еңбек етіп келеміз. Өткен жылы 210 миллион, биыл­ғы 8 айда ғана 500 миллион тең­генің тауарын өндірген кәсіп­орын металл бұйымдарын, әр­түр­лі жиһаздар шығарады. Сонымен бірге ол соңғы жылдары құрылыс жұмыстарымен де дендеп ай­на­лысуда. Серіктестік жанындағы “Металлқұрылыссервис” отау кәсіпорнының өткен жылы 390 миллион теңгенің құрылыс ны­сан­дарын іске қосуы – осыған дәлел.


Толығымен



2006-10-11:

Халал индустриясының қадамдары

 

 

Жуырда бір топ қазақстандық журналист Қазақстан-Малайзия “Руханият” университеті және “Түгел” баспасөз клубының ұйымдас­ты­руы­мен Малайзияның астанасы – Куала-Лумпур қаласында болып қайтты.


Толығымен



2006-10-04:

2006 – Қазақстандағы Пушкин жылы

 

“БЕР БАНА АТ”

 

Кеше Орал қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан На­зар­баев пен Ресей Федера­ция­сының Президенті Вла­ди­мир Путин кезінде А.С.Пуш­кин тоқтаған үйге барды. Екі ел басшылары­ның ұлы ақын рухына тағзым етуінде Пушкиннің біздің халықтарымыз арасындағы достық дәнекері ретіндегі қымбат қасиетінің де өзіндік орны бар екендігі даусыз. Әлем әдебиеті жарық жұлдызының шығармаларындағы түркизмдер – мұның бір дәлелі.


Толығымен



2006-09-26:

Бауырмалдық құшақ қашан да ыстық

 

Алатау ассаң, ежелгі ағайын қыр­ғыз еліне жетіп барасың. Ірге­де тиіп тұрған Қырғыз­стан­ның же­тістігіне қуанып, ауырт­па­лық­тары болса, бауырмал­дық­қа тән оны да бөлісіп жататын бір ел бол­са, ол – Қазақ елі. Еге­мендік ал­ған көршілес осы екі елдің ара­сындағы экономи­калық, саяси және рухани, заман талабына сай іскерлік қарым-қа­тынастардың дамуы мәңгі достас елдердің ниеті мен пейілінен өрбіп жататыны ақиқат.


Толығымен



2006-09-23:

Жолында ұмытылмастай із қалдырған қайраткер

 

Алдағы аптада, дәлірек айтқанда, сейсенбіде Жапония премьер-министрі Дзюңитиро Коидзуми қызметінен кетеді. Әлемдегі экономикалық тұрғыдан алып қарағанда екінші орындағы супердержавада билік тізгінін ұстаушы алмасады.


Толығымен



2006-09-23:

Түркиядағы Абылай хан ескерткіші

 

Жуырда Түркияның Нигде провинциясында “Нигде-Улукышла қазақ Алтай ауылының құрылуының 50 жылдығы және Түркияға ризашылық күндері” айдарымен маңызды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Осы мерекелік іс-шара шеңберінде Шымкент және Нигде қалалары арасында бауырластық қарым-қатынастар орнату жөнінде келісім-шартқа да қол қойылды.


Толығымен



2006-09-22:

ДӘСТҮРЛІ ДОСТЫҚ ДІҢГЕГІ

 

Жаңа ғасыр, жаһандану ғасыры күллі түркі жұртының алдына да үлкен үміттер, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Бұл жаңа мыңжылдық елдер мен елдер, мемле­кет­тер мен мемлекеттер арасында бұған дей­ін қалыптасқан қарым-қатынас арқау­ын заман талабына сай жаңаша ширатуға шақырады. Әлемдік өркениеттердің сан алуан тоғысында ғұмыр кешіп жатқан елдердің бүгіні мен ертеңі де осы жаһан­да­ну үрдісінде жаңаша қимыл мен жасам­паз тірлік жасауға тікелей байланысты.


Толығымен



Бет: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат