Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-01-13:

Елдікті еңселендіретін еңбек

 

Дәл қазіргі күндердің бітімі бөлектігін бағамдау үшін аса бір терең парасат-пайым қажет те бол­мас. Арғы-бергіде қазақ баласы­ның, Қазақстанымыздың абыройы осыншалық аспандамағаны, еліміз­дің беделі мұндайлық биіктеп көр­мегені баршаға белгілі. Бүкіл әлем елдегі сайлаушылардың тоқсан пайыздан астамы бір адамды қа­лай­тын ынтымақшыл, ауызбіршіл ел де болатынына бір таңданса, отан­дастарының осыншама құр­метіне бөленетін ер де болатынына екі таңданып отыр.

Ондай ел – Қазақстан, ондай ер – Назарбаев.


Толығымен



2006-01-12:

ЖАЛЫН ЖҮРЕКТІ ЖАН

 

Хайретдин Болғанбаев – ұлт баспасөзі мен журналистиканың негізін қалаушылардың бірі, көсемсөзші, Әлихан Бөкейхан бастаған алаш зиялыларының сапындағы бірегей жарқын тұлға. Ол ұлт тәуелсіздігі, халық тағдыры, оқу-өнер туралы ой-толғамдарын “Қазақ”, “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ұшқын”, “Ақ жол”, “Еңбекші қазақ” газеттеріне үнемі жариялап отырды. Алаш мұрасын ыждаһат­пен зерделеуші Дихан Қамзабекұлының көрсетуінше, публицист “Бірлік туы” газетіне редакторлық жасап, “Еңбек туы” газеті мен “Қазақстан” мемлекеттік баспасында алқа мүшесі қызметін атқарған. Түркістан автономиясын, Ақмолада Алаш комитетін құруға ерекше үлес қосқан азаматтардың бірі.


Толығымен



2006-01-12:

ӨНЕГЕ ӨРІМДЕРІ

 

Педагогика ғылымдарының докторы, ақын Әдібай Табылдының “Бөбекке сөз”, “Қайырлы таң, балалар!” атты таңдамалы жинақтары жұртшылыққа кеңінен таныс десек, оның қазақ этнопедагогикасы ғылымын дамытуға қосқан еңбектері бүгінде осы саланың жетістіктері ретінде бағалануда.

Қазақ балалар әдебиетінің өрісі мен тынысын тақпақ, ертегі, скетч, инсценировка, интермедия, пьеса сияқты алуан жанрмен түрлендірген қаламгердің отыздан астам кітабы жарық көрген. “Алыптардың алыбы”, “Бәрекелді, Кірпі”, “Ғажайып бақ” атты ертегі-пьесалары республикалық қуыршақ театры сахнасында кішкентай көрермендер қызыға тамашалап жүрген қойылымдар деуге болады. Оннан астам қойылымы Қазақ телерадиосының “алтын қорында” сақтаулы десек, оның ғалым ретінде тындырған істері өз алдына бір төбе. “Ұлттық тәрбие иірімдері”, “Этнопедагогикалық оқылымдар”, “Әдеп әліппесі” сияқты оқу құралдары мен “Халық тағылымы”, “Тағылым”, “Қазақ этнопедагогикасын оқытудың әдістемесі” атты монографиялары жарық көрген. Ұстаздың ғылым жолында тер төгіп келе жатқанына бүгінде алпыс жыл болыпты. Мұны адамның асқаралы шыңға көтерілуіне теңеуге болады. Сол өнеге ақын жүрегінен өлең болып өріліп келеді.


Толығымен



2006-01-11:

Қалила Омаров:

 

Өзім түсірген фильмдердің бәрі қымбат

 

Қазақстанда спорт тақырыбына жазылған әдебиеттер баршылық. Сейдахмет Бердіқұлов, Несіп Жүніс­баев, Қыдырбек Рысбекұлы, Өмірзақ Жо­лымбетов сынды қарымды жа­зу­шылар мен журналистердің қа­ламынан талай тамаша туындылар дүниеге келді. Сол әдебиеттерді оқып, салауат­тылыққа бет бұрған, спорт­ты серік еткен жандар қаншама десеңізші… 


Толығымен



2006-01-11:

НҰр мен шапаҒатҚа толы кҮн

 

КешеНұр-Астанаорталық мешітіне Астана қаласының қалың жұртшылығы жиналды. Мың сан адамға шақталған сәнді де зәулім ғимаратқа халық сыймай кетті. Бірақ, келген жұрт сақылдаған сары аязға қарамастан, сыртта тұрып-ақ намазға бас иді. Көптен күткен Құрбан айт мерекесі осылайша басталып, айт намазы оқылды.


Толығымен



2006-01-10:

Құрбан айт құтты болсын, жамағат!


Толығымен



2006-01-07:

Төрт томдығы жарық көрді

 

Газетіміздің белсенді авторы, жазушы Мархабат Байғұттың төрт томдық шығармалар жинағы жа­рық көрді.


Толығымен



2006-01-07:

БІРЕГЕЙ БАСПАЛЫҚ ЖОБА

Қазақ­стандық және ресейлік авторлар ұжымы жуырда ғана “Талшықты-оптикалық байланыс желілерінің қазіргі проблемалары” атты баспалық жобаны ойдағыдай іске асырып, бірнеше жылғы жұмыстың соңғы нүктесін қойды. Он кітаптан тұратын ғылыми-техникалық әде­биет­тер сериясы осындай басы­лым­дарды көптен күткен оқыр­ман­дар қолына тиді.


Толығымен



2006-01-07:

МҰСЫЛМАННЫҢ ЕҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Еліміз бұл діни мерекелерді 1926 жылға дейін тойлап келген. Кейін келе бұл аса ізгі де иманды шешім дін­ге жаппай шабуыл басталғанда асыра сілтеушілік салдарынан күшін жойған. Бұрынғы басшылық тұсын­дағысынан хабарсызбын, ал Діни басқармаға біз келгелі соңғы бес жарым жылда Ораза айт пен Құрбан айтты мереке ретінде демалыс деп жариялау туралы отандастарымыздан хаттар түсуде. Дәл осындай тілек-ұсы­ныс бұқаралық ақпарат құрал­дарында да айтылып әрі жазылып келді. Бұрынғы одақ тарап, ел еге­мен­дігін алған соң бұрынғы жасанды кедергілер алынып, дінге деген көзқарас та, мемлекеттік саясат та өзгерді. Әрине, оңға қарай. Халық иман­дылыққа бет бұрды.


Толығымен



2006-01-07:

ХристОСТЫҢ Рождествосы

 

Ең әуелі екі мың жылдан астам уақыт бұрын Иудей патшалығында болған оқиғаны еске түсірелік.

Сол бір көне замандарда Назарет атты шағын қалада Мария есімді қыз тұрған екен. Ол Құдайды шексіз сүйген және өзінің бүкіл болмысы мен ғұмырын Жаратқанға бағыштап, мінәжат жасау мен еңбек ету арқылы өмір сүргісі келіпті. Сондықтан оны Иерусалимдегі храм жанында тұрғызыпты, осында мінәжат ету кезінде оған аян беріледі. Оның алдына Құдайдың хабаршысы – Періште келеді. Періште оған осы сәттен бастап Христостың, Құдіретті Патшаның Анасына айналатынын айтады. Христің жердегі әкесі болмайды, сондықтан ол Құдайдың Ұлы атанатын болады – “Сен Оны Иисус (Құтқарушы Құдай дегенді білдіреді) деп атайсың, өйткені Ол адамдарды олардың күнәларынан құтқара­ды”.


Толығымен



Бет: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат