Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-11-25:

Баспасөз – 2007

ӨЗІМІЗДІҢ Сенеріміз – сӨзіміздіҢ салмаҒы

 

Жыл сайын қара күзде баспасөзге жазылымның науқаны жүретіні, әр басылым жер-жердегі жүздесулерде, газет бетінде өзінің бары мен нарын айтып, көз үйренген оқырманымен келешекте қайта қауышудың қамын жасайтыны баршаға белгілі.


Толығымен



2006-11-25:

Мемлекеттік мәселе

Қазіргі ақпарат кеңістініне латын әліпбиі лайық

 

Ақпарат алмасудың көне дәстүрі сайын далада шашырай қоныстанған көшпелі ру, тайпалардың өзара қоян-қолтық араласула­рына мүмкіндік берді. Нәтижесінде, қазақ тілі ешбір диалектісіз таза сақталып, бүгінде ортақ құндылығымызға айналды. Бұл айналып келгенде, қазақ халқының бір-бірімен үнемі етене араласып, жердің, елдің шалғайлығына қарамастан, өзара тығыз қарым-қатынаста болғандығының арқасы.


Толығымен



2006-11-25:

 

Англия сапары Әлемдік БАҚ айнасында

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары әлемдік жетекші БАҚ-тарда үлкен үндестік туғызды

 

 

 


Толығымен



2006-11-24:

Замана запраны

Жалаулы жастықтың алаулы шағы

 

Біз, шыны керек, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы барлық ақиқатты әлі де толық ашып болған жоқпыз. Себебі, КОКП Орта­лық Комитетінің Қазақстанда империялық үстемдікпен жүргізген ұлт саясатына қарсы қазақ жастарының бұқаралық көтерілісі шектен тыс қатыгездікпен басып-жаншылды. Зорлықшыл орталық бейбіт шеруге шыққан жастарды зорлық-зомбылықпен тұншықтырып, олардың адамдық құқын, ерік-жігерін аяққа басты. Содан кейін қаншама жасты қыршынынан қиған, мүгедек еткен жантүршігерлік іс-әрекеттерін барынша жасыруға тырысты. Шындықты бүркемеледі, еш жазығы жоқ жастардың айтқан сөздері мен келтірген деректерін бұрмалап, көтеріліске қатысушыларды да, олардың туған-туыстарын да, оларға жанашырлық сезімдерін білдіргендерді де жаппай қуғын-сүргінге салды. Сол арқылы мұның бәрін “жабулы қазан жабулы күйінде” құпия сақтауға тырысқандары және “Құйын” операциясына қатысты ресми-тарихи құжаттарды жойып, құртып жіберуге дейін барғаны анықталып отыр.


Толығымен



2006-11-24:

Мемлекеттік мәселе

Көп тіл білу — баға жетпес байлық

 

Тіл туралы аз ғана ойымды білдірейін. Жалпы, нақты тіл ғана адамдар қарым-қатынасының маңызды құралы екені анық. Тіл адамның ойлау жүйесімен тығыз байланысты. Ол – ақпараттарды сақтау мен жеткізудің әлеуметтік құралы және де адамның сана-сезімін басқарудың негізгі тетік­терінің бірі.

Жер шарын мекен еткен және бүгінгі таңда мекендеп отырған халықтар тілдерінің жалпы саны 2,5 мыңнан 5 мыңға жуық. Дәл нақты санын айқындау мүмкін емес, өйткені, тілдер мен диалектілердің арасындағы айырмашылықты табу өте қиынға соғатыны белгілі.


Толығымен



2006-11-24:

Тәуелсіздік шеруі

 

Астықты аймақ, өнеркәсіпті өңір саналатын Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан үшін саяси, экономикалық маңызы ерекше. Еліміз тәуелсіздік алған жылдар бедерінде жасампаздық істерге, толымды табыстарға толы белестер мұнда көп-ақ. Облыстың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында болған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылжар өңірінде атқарылған игілікті жұмыстарға жоғары баға бергені соның бірден-бір дәлелі. ТМД-да теңдесі жоқ, кластерлік жүйенің ең озық жобасы болып табылатын “Биохим” өндірістік кешенінің іске қосылуы еліміз үшін елеулі оқиғаға айналды. Ауыр мәшине жасау саласы қызметкерлерінің Ресеймен бірлескен “Бәйтерек” ғарыш бағдарламасын жүзеге асыруға ынта білдіруі – бұл да тәуелсіздіктің  арқасы.

Мағжан, Сәбит, Ғабит секілді біртуар ұлылар өмірге келген өлкеде “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында Абылай ханның ақ ордасы қалпына келтірілуі халқымыздың рухын көтерген шара болды.

Құт қонған Қызылжар өңірінің тәуелсіздік жылдарындағы қарышты қадамы мақалалар топтамаларында баяндалады.

 

Тәуелсіздік шеруі: Солтүстік Қазақстан облысы

Құт қонған Қызылжар

 

Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздегі аса ірі тауарлы астық өндіруші. Оның жалпы түсімінің үлес салмағы республикалық көрсеткіштің ширегінен астамын құрайды.

Аса маңызды мемлекеттік бағдар­лама­ларды, ең алдымен ауылдарды өрге бастыруға және ауылдық аумақтарды дамытуға арналған агроазық-түлік бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру ауыл еңбеккерлерінің едәуір нәтижелерге қол жеткізуі арқасында мүмкін болды. Бүгінгі таңда ауылдағы көңіл-күй мүлдем басқаша, адамдар келешекке сеніммен қарайды.


Толығымен



2006-11-24:

Білікті басшы елін өрге сүйрейді

 

Қазақстан-Британия кәсіпкерлері форумында айтылған ойдың негізгі түйіні осындай

 

Бұдан бұрын хабарлағанымыз­дай, 22 қарашада Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары әрі қарай жалғасты.

Ертеңгі сағат 8-ге жақындағанда Қазақстан басшысы қала орталы­ғын­­дағы Лондон қор биржасына ат басын тіреді. Әсем де еңселі ғи­ма­рат алдында Нұрсұлтан На­зар­баев­ты биржаның басшылары қар­сы алып, сегіз қабаттан тұратын ғима­раттың екінші қабатына бастап келді. Ал бірінші қабатта биіктігі – 3, ені – 1,5 метрдей мөлдір пласт­мас­са қораптың ішінде үлкендеу қол добындай шарлар ретімен ті­зіліп тұрған болатын. Сағат тілі ту­ра 8-ді көрсеткенде, әлгі шарлар жо­ғарыға қалқып шыға келді. Ба­ғанадан бері қаумалап тұрған көп­шілік қауым дуылдата қол соғып қоя берді. Бұл Лондон қор биржа­сында кезекті сауданың салтанатты түрде ашыл­ғандығын білдіреді екен.


Толығымен



2006-11-22:

Тәуелсіздік табыстары

Елорда — Елбасы ЕРЛІГІ

 

 Сарыарқадағы сайын шаһар шырайлана түсті. Тарихтың қиын да күрделі талабын жүзеге асыра алған тұлға үшін мерейленген шығар. Ал тұлғалы үн қуатты да асқақ.

“Ұлттың беделін қалпына келтірдік. Қазақ баласы жердің негізгі иесі, даладағы ұлы тарихтың мұрагері екенін, осы елдегі жақсыға да, жаманға да жауапкер екенін толық сезінетін болды. Біз ұлттық рухты қастер тұтатын халықтық қалпымызға қайта оралдық!”

Ұлттың рухын құрметтеген елдің астанасы жайлы асқақ сезім аспан астын билеп бара жатқандай.

Астанаға астана сәулеті туралы айтып бергім келді.

 


Толығымен



2006-11-22:

Лондонда ресми сапармен жүрген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королевасы ІІ Елизаветамен және елдің Премьер-Министрі Тони Блэрмен кездесті

 

Қазақстан-Ұлыбритания:

СалиҚалы саясатҚа салмаҚ салҒан сапар

 

Ұлыбританияға сапарының екінші күні ертеңгісін Букингем сарайында Қа­зақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назар­баев пен Ұлыбритания және Сол­түстік Ирландия Корольдігінің Коро­ле­васы ІІ Елизавета кездесіп, екі мемлекет ара­сындағы қарым-қаты­настар жайында әңгі­мелесті. Кездесу ыстық ықыласты, достық жағдайда өтті.

Елизавета ІІ бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекет басшысы болып табылады. Таққа 1952 жылдың 6  ақпанында отырған. Әкесі VІ Георгтан  ІІ Елизаветаға Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкстан және Цейлонға корольдік ету мұра ретінде қалған еді. Ұлыбритания қол астында болған бірқатар елдер тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ІІ Елизаветаның корольдік ету билігі бірқатар жаңа мем­лекеттерге тарады. Осылайша ІІ Елизавета өзінің 52 жылдан астам уақыт ішінде 32 мемлекеттің монархы болып үлгерді. Қазіргі кезде ІІ Елизавета жалпы саны 128 миллион адамды құрайтын Еуропа, Америка, Кариб бассейні және Океания аумағында 16 мемлекеттің басшысы болып табылады.

ІІ Елизаветадай көптеген елдерге билік жүргізетін және жүргізген монарх әлемде жоқ. Оның қарамағында  осынша­лықты ел бола тұрғанымен, билігі шектеу­лі. Әсіресе, Ұлыбританиядан тысқары жер­лерде. Сондай-ақ ол өзі билік жүргізе­тін елдер қа­рулы күштерінің жоғарғы бас қолбас­шысы саналады. Осы тұста атап өтейік, ІІ Елизавета басқарып келе жатқан 50 жыл­дан астам уақыт ішінде Ұлыбрита­ния­да 10 премьер-министр ауысты.


Толығымен



2006-11-21: (жалғасы)
Толығымен



Бет: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат