Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-10-25:

Урбанизация

 

Қазақстандағы осы үрдіс халықтың қайта қоныстануына ұласуда

 

Урбанизация – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы “қалалық” деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.


Толығымен



2006-10-25:

Елорда патриоттық сезімді еселейді

 

КӨШЕЛЕР МЕН АЛАҢДАР

 

Аста­на­ны екіге бөліп ағатын кербез Есілдің сол жа­ғалауында жаңа қала бой түзеді. Оның келбеті мен көркі көрген жанды тәнті етуде. Жаңа қалаға қарап-ақ Қазақстанның экономи­касынан, саясаты мен мәде­ниетінен, бүгінгі әлеуеті мен ертеңгі өмірінен мол мағлұмат алуға болады. Мұндағы ғимараттардың ішіндегі шоқтығы биігі, әрине, Ақорда, танымдық-философиялық тұңғиығы – “Бәйтерек”.


Толығымен



2006-10-25:

Тәуелсіздік табыстары

 

Кәсіби армия – мемлекет қауіпсіздігінің  кепілі

 

Қазақстан халқымен бірге Отан қорғаушылары жыл сайын  25 қазанда жарқын мереке – Республика күнін атап өтеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөздерінің бірінде біздің реформалардың табысына бүгінгі күні барша жұрттың қызыға қарайтынын атап өткен болатын. Бұл бірліктің, бауырластықтың, толеранттық­тың, елімізде тұрып жатқан барша халық­тың өзара түсіністігінің нәтижесінде мүмкін болып отыр.

Бүгінде Қазақстан қуатты эконо­микасы және халықаралық қауымдас­тықта берік ұстанымы бар өңірлік көшбасшы ретінде әлемге танылды.


Толығымен



2006-10-25:

Тіл таҒдырындаҒы тарихи сӨз

 

Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясына қатысушылар Елбасының баяндамасында айтылған мемлекеттік тіл мәселелеріне байланысты өз пікірлерін білдірген еді. Төменде солардың бір парасы назарға ұсынылып отыр.


Толығымен



2006-10-25:

Бәсекеге қабілеттілік — ортақ міндет

 

Кеше Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында  Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясы болып өтті. Оған барлық 364 Ассамблея мүшесінің 357-сі қатысты. Олардан тыс сессия жұмысына қатысу үшін Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, дипломатиялық корпустың өкілдері, саяси партиялар басшылары, қоғамдық және ұлттық мәдени бірлестіктердің мүшелері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері шақырылған екен.


Толығымен



2006-10-25:

Біз – қазақстандықтармыз!

 

Бүгін — Республика күні. Мереке құтты болсын, қадірлі отандастар!

 

Нұрсұлтан Назарбаев:

Әрқашан бірге, әрдайым алда болайық

 

Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі

 

Құрметті қазақстандықтар!

Қымбатты Ассамблея мүшелері!

Біз Қазақстан халықтары Ассамблеясының кезекті сессиясын Республика күні қарсаңында өткізіп отырмыз. Ел тәуелсіздігінің берік іргетасы болған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация 1990 жылы дәл осы қазан айында қабылданған болатын. Сондықтан баршаларыңызды осы қастерлі мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.


Толығымен



2006-10-24:

Тәуелсіздік шеруі

 

Қазақстан үшін Еуропаға, Ресей үшін Азияға ашылатын қақпа іспеттес Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының еліміздің экономикалық-әлеуметтік даму үдерісінде алатын өз орны бар. Бұл өңірдің тарихы бай, қатпар-қатпар шежіресі мол екені бұған дейін айтылып та, жазылып та жүргені белгілі.  Халқымыздың тәуелсіздік, еркіндік, азаттық жолындағы күресінде сонау ХVІІІ ғасырда осы өңірдегі қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс үлкен рөл атқарғаны аян. Ол он жеті жылға созылған-ды.

Бүгінде өңір еларалық қарым-қатынастарды дамытудың, шекаралық аймақтарды бір-бірімен жалғастырудың байланыстырушы бөлігіне айналып отырғаны да ақиқат. Сондай-ақ аймақтың жағрапиялық және геосаяси тұрғыдан алғанда еуразиялық ендікте орналасқаны да Елбасымыздың бүгінгі сарабдал саясатымен үндестік таба алатын ерекшелік деп білеміз. Әрі мұндай ерекшелік егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің одан әрі нығаюына өз ықпалын тигізе алатынына да күмән жоқ.


Толығымен



2006-10-24:

ЕЛБАСЫ МЕРЕЙІ – ЕЛ  МЕРЕЙІ

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  АҚШ-қа сапарының жаңғырығы  жайындағы ой-толғам

 

Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында АҚШ-қа жасаған ресми сапары осы елдің ірі саясаткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің үлкен қызығушылығын туғызып, жоғары бағасына ие болып отыр. Президент Әкімшілігіне келіп түсіп жатқан ақпараттар  легі мен олардың мазмұны осыны айқын аңғар­тады. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстарын оң бағалаған  Ақ үй Әкімшілігі мұны Елбасымыздың  еңбегімен орынды байланыс­тырып, сапар барысында ерекше ізет пен құрмет-қошемет көрсетті.

Таяуда ғана Мәскеуде болып өткен Қазақ­станның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына ену стратегиясына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конферен­цияда баяндама жасаған Ресейдің  белгілі оқы­мыс­тысы Рой Медведев өз сөзінде: “Бұл – аса сирек кездесетін жағдай. Соңғы жылдары әлемдегі бір де бір ел Қазақстан сияқты дипло­матиялық толымды табыстарға қол жеткізіп, жаһандағы аса ірі және ықпалды  мемлекет­тердің барлығымен нақ осындай тең әрі жақсы қарым-қатынас орната алған жоқ”, –  деп  атап көрсетіп еді.

Құрама Штаттарға жасалған сапар да осы пікірдің растығын дәлелдейді.

Елбасымыздың мерейі – еліміздің мерейі. Сондықтан біз басылымның белсенді авторы, саясат ғылымдарының докторы Махмұт Қасымбековтің  мақаласы арқылы газет оқыр­ман­дарын  АҚШ жұртшылығының пікірлерімен таныстырғанды жөн көрдік.


Толығымен



2006-10-24:

 

Мұсылман қауымын Ораза айт мейрамымен құттықтады

 

 

Дүйсенбі күні мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Ораза айт мейрамының басталуына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Нұр-Астанамешітіне келіп, Қазақстандағы ислам дінін ұстанған барша қауымды ұлық мерекемен құттықтады.


Толығымен



2006-10-21:

Меценаттық және қайырымдылық

 

Қайрат етер мезгілде

Жүк көтерер нардай бол.

Ақыл айтар мезгілде

Мың жасаған шалдай бол... —

даңқты батыр Бауыржан Момыш­ұлы осылай депті.


Толығымен



Бет: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат