Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-10-18:

Жаңа елшілер қызметтеріне кірісті

 

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасындағы жаңадан Төтенше және өкілетті елшілер болып тағайындалған Болгария Республикасының елшісі Никола Филчев-Борисов, Канаданың елшісі Маргарет Скок және Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Хишам Абдель Уаххаб Абдалла Зираа сенім грамоталарын тапсырды.


Толығымен



2006-10-17:

Тәуелсіздік шеруі

 

Әр адамның да, тұтас қоғамның да өмірінде белгілі бір межелі  кезеңдер бар. Сол тұсқа келгенде жүріп өткен жолыңа бір қайырылып, тындырғаның мен тындыра алмағаныңды таразы басына салып, ой елегінен өткізудің мүмкіндігі туады. Сондай-ақ болашақ асуларға көз жіберіп, жүрер бағытыңды нақтылап алудың қажеттігі көлденең тартылады. Алдымызда  атап өтілетін Тәуелсіздіктің 15 жылдығы сондай межелі кезеңдердің  бірі болса керек. 

Адам да,  қоғам да күнделікті жасампаз ісі мен  ізденісі арқылы тынымсыз шеруде жүреді. Солардың нәтижесінде бір белестен келесісіне қадам басып, жасампаздығы өмірдің  қозғаушы күшіне айналады. Біз үшін “Қазақстан-2030” Стратегиясын жүзеге асыру үлкен мақсат болса, оны орындауға деген құлшынысымыз тынымсыз шерудегі қозғаушы күшіміз.

Өткен 15 жылда қандай табыстарға  қол жеткіздік, қандай биіктерге көтеріле алдық? Міне, осы сұрақты  әр облыстың  алдына қоя отырып, “Тәуелсіздік шеруі” атты жаңа айдарымыз арқылы жүріп өткен жолымыз бен жеткен жетістіктерімізге өңірлер тұрғысынан көз салуды жөн көрген едік. Алғашқы жауап республика елордасының іргесінде жатқан Ақмола облысынан  келген болатын.


Толығымен



2006-10-17:

Ел және Елбасы

 

Өркештеніп қалдық

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақтың қадірлі қаламгері,   Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтан хат келіп түсті. Абыз ақсақал Елбасының аса абыройлы өткен Америкаға сапары хақында тебірене толғайды.


Толығымен



2006-10-17:

Президент Жолдауы: тапсырма және талап

 

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғанына жеті-сегіз ай өтті. Бұл аз мерзім емес.   Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қата­рына кіру  стратегиясында нақты көрсетілгендей, экономикада да, әлеуметтік жағдайдың жақсаруында да, ең бірінші, әр адамның жауап­кершілігі, уәде биігінен көрінуі ықпал ететіні сөзсіз. Ал берген уәде орындала ма?


Толығымен



2006-10-14:

Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер?

 

Бүгінде қылмыс жасап, темір тордың ар жағында отырған әйелдер, жасөспірім қыздар аз емес. Олардың қалыпты өмірге оралуына ең алдымен мемлекет мүдделі.

 

“Қилы-қилы заман болады, қарағай басын шортан шалады” деп Асанқайғы бабамыз айтқандай, қазақ халқы өз басынан талай-талай зобалаңды өткерді емес пе. Сондай кезеңдерде ұлттың еңсесін түсірмей, ұл мен қызға лайықты тәрбие берген, халқымыздың болмыс-бітімін қалыптастыруға зор еңбек сіңірген қазақ әйелі екенін біз тарихтан жақсы білеміз. Бұл арада алысқа бармай-ақ, кешегі өтпелі кезеңдегі әйелдердің ерекше қажыр-қайрат көрсеткенін еске алсақ та жетіп жатыр. Иә, бүгінде көшімізді түзеп, ең алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына кіруге қам жасап жатсақ, онда әйелдердің де үлесі өзгеше екенін ешкім жоққа шығара қоймас.


Толығымен



2006-10-14:

Рой МЕДВЕДЕВ:

Қазақстанның жолы болды деудің әбден жөні бар

 

Еліміз енді екі айдан кейін өзінің мемлекеттік тәуелсіздігінің 15 жыл­ды­ғын атап өтеді. “Бұл дата алдағы қадамдарымызды бел­гі­леп, болашақтағы міндеттерімізді айқын­дау үшін біздерді өткен кезеңдерді ой елегінен өткізуге міндеттейді”, деді Президент Н.Ә.Назарбаев кеше Алматыда Ғылым академиясының 60 жылдығына байланысты сөйлеген сөзінде. Иә, осындай белесті тұста көзі қарақты әрбір азаматтың: “Бұл кезеңде неге қолымыз жетті, қандай шаруалар тындыра алдық, қандай мәселелер шешімін күтіп тұр, жалпы, бізге тәуелсіздік не берді?” деп ойланатыны, толғанатыны талассыз. Мұның өзі көп болып кеңесетін, алқалы ортада ақылдасатын тұғырлы тақырып. Сондықтан да ел газеті “Егемен Қазақстан” таяудағы айларда тәуелсіздік туралы толғаныстар топтамасын, тәуелсіздікті тұғырлы ете түскен тұлғалар портреттерін, тәуелсіздік тойына ел өңірлерінің қандай тарту-таралғымен келе жатқанын әңгімелейтін арнаулы беттерді жариялауды жоспарлап отыр.


Толығымен



2006-10-14:

Кеше Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 60 жылдығына арналған мерекелік сессиясы өтті. Салтанатты жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

 

Ғылымы қарқын алған елдің болашағы жарқын

 

Тарихи ақиқатқа жүгінсек, 60 жыл бұрын Қазақтың Абай атындағы мемле­кет­тік академиялық опера және балет театры­ның дәл осы ғимаратында Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының тұсаукесер жиыны өткен екен. Енді шежіре іспеттес сол бір тарихи оқиғалы күні үлкен ғы­лым­­ның қия жолының бастауында тұрған Қа­ныш Сәтбаев және оның үзеңгілес әріп­тес­тері ұлттық ғылым мен білімнің, рухани құндылықтардың және мәдениеттің, жалпы қоғамның қозғаушы күшіне айналатын Ұлт­тық ғылым академиясының қараша­ңыра­ғын көтеріп, бір-бір уық күйінде қада­лып жатқанын шынайы сезінген де болар. Солай болды да. Қазір біз Ұлттық ғылым академиясының 60 жылдық тарихында жарқын беттердің көп және оның мәңгі жоғалмас ғылыми жетістіктер екенін мой­ын­дап та үлгергенбіз. Ғылымның асау тол­қы­нымен алысып, ардалы шыңды бағын­дыр­ған біздің академиктер мен ғалым­дардың талайы өздерінің ғылыми мектептерін қалыптастырып та үлгерді.


Толығымен



2006-10-13:

Академияның алпыс асуы

 

Осыдан 60 жыл бұрын, 1946 жылғы 1 маусымда Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Ғылым академиясының салтанатты ашылу рәсімі өткізілген еді 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы өзі­нің 60 жылдық мерекесін елі­міз­дің әлеуметтік-экономикалық жаңаруы мен демократиялық да­муы­ның жаңаша жағдайында қар­сы алып отыр. Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың жақында ғана Америка Құрама Штат­тары­на жасаған сапары барысында, сон­дай-ақ Ресей Президенті В.Пу­тинмен арада өткен кез­десу­де қол жеткізілген үлкен сая­си жетістіктері аса маңызды­лы­ғы­мен тәнті етеді. ҚР ҰҒА мү­ше­лері Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған елді дамытудың жаңару саясатын қолдайды әрі Елбасы ұсынған Қа­зақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қа­та­рына кіруіне жол ашатын қол­дан­балы және іргелі зерттеулер­дің дамуына барынша үлес қосады.


Толығымен



2006-10-10:

Мақта заңы диқанның қолын ұзартса дейміз

 

Мақта – жыл бойы жұмысы бітпейтін, енжарлықты күтпейтін, баптасаң бұтақтайтын, жалқау­лықты ұнатпайтын, тәжірибеге бағынатын, диқанның алақанын сағынатын, қаржыға қомағай, табысы толағай дақыл.


Толығымен



2006-10-10:

Ел қауіпсіздігі – басты назарда

 

Батыс Қазақстанға сапары барысында ел Президенті — Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласына жақын маңда салынып жатқан әскери қалашықта болып, солдаттармен, офицерлермен және Қазақстан армиясының генералитетімен кездесті. Біз осы кездесудің қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі армия генералы, Халық Қаһарманы Мұхтар АЛТЫНБАЕВТАН айтып беруін өтінген едік.


Толығымен



Бет: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат